Пайдалану
- Қол құрылғысын (1) және аккумуляторды (17) ылғал мен тікелей күн сәулесінен қорғаңыз. Тиісінше монтаждалған камера кабелі мен камера бастиегі су өткізбейді. Алайда қол құрылғысы мен аккумулятор судан қорғалмаған, оларға су тисе, ток соғу немесе зақым келтіру қаупі туындайды.
- Камера бастиегіндегі (14) объектив буланған жағдайда, тексеру камерасын қолданбаңыз. Тексеру камерасын ылғал буға айналып кеткеннен кейін ғана қосыңыз. Кері жағдайда тексеру камерасы зақымдалуы мүмкін.
- Қосылған шам (15) жұмыс барысында қызып кетуі мүмкін. Күйіп қалмау үшін шамға тимеңіз.
- Тексеру камерасына айрықша температура немесе шұғыл температура өзгерістері әсер етпеуі тиіс. Оны, мысалы, автомобильде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Үлкен температура өзгерістерінің жағдайында алдымен тексеру камерасын пайдаланбас бұрын оның температурасын қалпына келтіріңіз.