Қолданысқа енгізу
Тексеру камерасын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (3) басыңыз. Дисплейде (9) басты бет экраны қысқа уақытқа көрсетіледі.
Нұсқау: егер құрылғыны қосқан кезде камера кабелі монтаждалмаған болмаса, дисплейде қате туралы хабар көрсетіледі.
Тексеру камерасын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (3) қайтадан басыңыз.
Тексеру камерасында ешбір түйме басылмаса, ол белгіленген уақыт (k) өткеннен кейін автоматты түрде өшеді.
Камера көрсетілімін жарықтандыру үшін шам бастиегіндегі шамды (15) қосуға және жарықтықты реттеуге болады.
Жарықтық 4 деңгей бойынша реттеледі (0 %, 25 %, 50 %, 100 %).
Камера шамын (15) қосып, жарықтықты күшейту үшін жарықтандыру/жарықтық түймесін (7), қажетті жарықтыққа қол жеткізгенше, басыңыз.
- Шамға (15) тікелей қарамаңыз және шамды басқа адамдарға бағыттамаңыз. Шамның жарығы көзді шағылыстыруы мүмкін.
Жарықтықты азайту және камера шамын (15) өшіру үшін жарықтандыру/жарықтық түймесін (7), қажетті жарықтыққа қол жеткізгенше немесе шам өшкенше, басыңыз.
Фото және видео режимдерінің арасында ауыстырып қосу түймесі (8) арқылы фото және видео режимдерінің арасында ауыстырып қосуға болады. Ағымдағы реттелген түсіру режимі (a) күй панелінде (b) көрсетіледі.
Суретке немесе бейнеге түсіруге арналған іске қосқыш түймесі (6) арқылы тиісті режимде суретке түсіруге немесе бейнеге түсіруді бастауға және аяқтауға болады.
(4) түймесі басылғанда, (8), (7), (5) және (4) түймелеріне басқа функция (дисплейдің жоғарғы жағындағы көрсетілімге сәйкес) тағайындалады (2-деңгей). Бұл түймелерді дисплейдегі көрсетілімге сәйкес пайдаланыңыз.
(4) түймесі қысқаша басылса, галерея режимі ашылады. (4) түймесін басу арқылы кескінді толық өлшемінде көруге және (6) түймесін басу арқылы бейнені ойнатуға болады.
(4) түймесі ұзақ басылғанда, Реттеулер режимі ашылады. Төмендегі реттеулерді орындауға болады:
- Түрлі-түсті көрсетілім (қызыл түсті нүкте)/ақ-қара түсті көрсетілім (жасыл түсті нүкте) (h)
- Дисплей жарықтығы (i)
- Күн/уақыт (j)
- Автоматты түрде өшіру функциясы: тексеру камерасының өшуі үшін қажетті әрекетсіздік ұзақтығы (k)
- Дисплейдің жану ұзақтығы (l)
- Micro-SD картасының жадын үлестіру/пішімдеу (m)
Суреттер мен бейнелерді тек Micro-SD картасы (20) салынғанда ғана тасымалдауға болады.
Суреттер мен бейнелерді тасымалдау үшін тексеру камерасын Micro-USB кабелі (19) арқылы компьютермен байланыстыруға болады.
Нұсқау: USB интерфейсін Apple өнімдерімен (мысалы, MacBook құрылғылары) бірге пайдалану мүмкін емес. Бұл жағдайда дерек тасымалдау функциясы тек Micro-SD картасы арқылы жүзеге асады.
Тексеру камерасы дисплейдегі белгі арқылы компьютермен байланыстырылғанын көрсетеді.
Тексеру камерасы компьютерде сыртқы диск жетегі ретінде көрсетіледі.
Тексеру камерасының аккумуляторын (12) жалғағышы арқылы зарядтау мүмкін емес.