Пайдалану бойынша нұсқаулар
Тексерілетін қоршаған ортаны қарап шығып, әсіресе кедергілерге немесе қауіпті жерлерге назар аударыңыз.
Камера кабелін (13), камера бастиегі тексерілетін ортаға бағытталатындай, бүктеңіз. Камера кабелін абайлап енгізіңіз.
Камера шамының (15) жарықтығын, кескін жақсы анықталатындай, реттеңіз. Мысалы, қатты шағылысатын заттарды тексергенде, төменірек жарықта жақсырақ кескін пайда болады.
Егер тексеріліп жатқан заттардың айқындығы дұрыс болмаса, камера бастиегі (14) мен заттың аралығын ұзартыңыз немесе қысқартыңыз.
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдықтан қорғап жүріңіз.
Аккумуляторды тек −20 °C және 50 °C аралығындағы температура диапазонында сақтаңыз. Аккумуляторды, мысалы, жаз кезінде автомобиль ішінде қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.
Кәдеге жарату бойынша нұсқауларды орындаңыз.