Жұмыс істеуге дайындық

  • Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (8) электр құралы тоқтатылып тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
  • Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (8) жоғары қарай "R" күйіне басыңыз.
  • Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (8) төмен қарай "L" күйіне басыңыз.
    Нұсқау: солға айналу бағытын бұрғылау үшін пайдалануға болмайды.

Электр құралын әр іске қосудан бұрын жылыстау тогынан қорғаныс автоматының жұмысын тексеріңіз!

  • Магниттің ажыратқышы (20) "0" күйінде болғанына көз жеткізіңіз.
  • Желілік ашаны салып, жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (15) RESET түймесін индикатор (16) қызыл түспен жанғанша басыңыз.
  • Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (15) TEST түймесін индикатор (16) сөнгенше басыңыз. Индикатор (16) сөнбесе, бұл жылыстау тогынан қорғаныс автоматының ақаулы және оны жөндеу қажет екендігін білдіреді. Электр құралын пайдаланбаңыз!
  • Индикатор (16) сөнгеннен кейін RESET түймесін қайтадан басыңыз.
  • Индикатор (16) қызыл түспен жанып тұрса, құралды орналастырыңыз қараңыз Электр құралын тиісінше орналастыру.
  • НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралын ток көзінен әр ажыратқан сайын электр құралын қайта пайдаланбас бұрын осы сынақты қайта орындау қажет болады.

Нұсқау: жылыстау тогынан қорғаныс автоматы кем дегенде 10 мА шамасындағы ток соғудан қорғайды.

Лазерлік крест дәл бұрғылау орнын көрсетеді.

  • Лазер блогын ажыратқышпен (7) қосыңыз.
  • Электр құралын дайындама үстіне орналастырып, оны лазерлік кресттің көмегімен дайындама белгісімен туралаңыз.
  • Магнит ажыратқышын (20) жоғары қарай басып, электр құралы дайындама бетінде ұсталғанына көз жеткізіңіз.
  • Қажет болса, электр құралын сақтандырғыш таспамен (44) бекітіңіз.

  • Қиғаш немесе тік күйде немесе бас үстінен орындалатын кез келген жұмыстар кезінде электр құралын жинақтағы сақтандырғыш таспамен түсіп қалудан сақтаңыз.
  • Пайдаланбас бұрын сақтандырғыш таспаның ақаусыз жұмысын тексеріп шығыңыз. Еш жағдайда зақымдалған сақтандырғыш таспаны пайдаланбаңыз, оны дереу алмастырыңыз.
  • Сақтандырғыш таспаны (44) электр құралына мүмкіндігінше саңылаусыз бекітіңіз.
  • Сақтандырғыш mаспаны бекіткіш (11) арқылы өткізіп, дайындамаға қойыңыз.
  • Сақтандырғыш таспаны тіреуіш механизмнің (42) көмегімен тартыңыз.
  • Сақтандырғыш таспаны босату үшін тіреуіш механизмдегі ысырманы (43) басып, сақтандырғыш таспаны тартып шығарыңыз.
  • Сақтандырғыш таспаны электр құралы сырғыған жағдайда өзіңізден ары жылжитындай етіп орналастырыңыз.

Қос иін төлкесіндегі (5) шкала (45) қажетті бұрғылау тереңдігін анықтауға мүмкіндік береді.
Бұрғылау тереңдігін шкаладағы сызықтарға сәйкес реттеуге болады. Шағын сызықтардың арасында 1 мм, ал үлкен сызықтардың арасында 10 мм бар.