Пайдалану нұсқаулары
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
- Электр құралыңызды тек қосалқы тұтқамен бірге пайдаланыңыз (2).
- Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін.
Бұрау моменті қағу ұзақтығына байланысты. Максималды бұрау моменті барлық қағулар арқылы жетілген бұрау моменттерінің қосындысынан шығады. Максималдық бұрау моменті 6 - 10 секундтық қағу ұзақтығынан соң жетіледі. Бұдан былай тарту, бұрау моменті минималды көлемге көтеріледі.
Редуктор корпусы сезілетіндей етіп қызады.
Нұсқау: қатты қызып кету нәтижесінде бүкіл қағу бөлшектері тозуы және үлкен мөлшерде майлаудың қажеттілігі туындауы мүмкін.
Қағу ұзақтығын әрбір талап етілген тарту бұрау моменті үшін есептеу керек. Дәл жетілген тарту бұрау моментін әрдайым динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
Қатты, иілгіш немесе жұмсақ тіректі біріктірулер
Сынауда бір қағу әдісінде жетілген бұрау моменттері өлшеніп диаграммаға өткізілсе бұрау моменті әдісінің қисық сызығы пайда болады. Қисық сызық биіктігі максималды жетілетін бұрау моментіне сай, құламалығы жетілетін уақытты көрсетеді.
Бұрау моментінің әдісі төмендегі факторларға байланысты:
- Бұранда/сомындардың қаттылығы
- Тіректің түрі (шеңбер, дискілік серіппе, тығыздауыш)
- Бұралатын материал қаттылығы
- Бұрандалы қоспаның майланғаны
Сай ретте төмендегі пайдалану жағдайлары пайда болады:
- Қатты тірек металдан металға біріктіруде төсемдік шеңберлерді пайдаланғанда пайда болады. Қысқа қағу уақытынан соң максималды бұрау моментіне жетіледі (құламалы сипаттамалы сызық). Керек болмаған ұзақ қағу уақыты машинаға зиян тигізеді.
- Иілгіші тірек металдан металға біріктіруде, бірақ серіппелі шеңбер, дискілік серіппе, тіректі болт немесе конустық тіректік бұрандаларды / сомындарды және ұзартқыштарды пайдалануда пайда болады.
- Жұмсақ тірек металды ағашқа біріктіруде немесе тірек ретінде қорғасынды немесе талшықты шеңберлерді пайдалануда пайда болады.
Иілгіш немесе жұмсақ тіректе максималды тарту бұрау моменті қатты тіректен төмен болады. және ұзақ қағу уақыты талап етіледі.
Қағу уақытын өлшеу
Диаграммалар (мысалдар) тарту моментін [Нм] қағу уақытына [с] байланысты көрсетеді:
❶ қатты орнату үшін
❷ жұмсақ орнату үшін.
Деректер орташа мәндер болып, жұмыс жағдайына қарай өзгешеленеді. Бақылау үшін тарту моментін әрдайым динамометрлік кілтпен тексеру қажет.
GDS 24 үлгісіне арналған диаграмма
Ең жоғары айналу моментіне төмендегі жағдайларда қол жеткізіледі:
- қатты орнату кезінде шамамен 10 секунд қағудан кейін
- жұмсақ орнату кезінде шамамен 22 секунд қағудан кейін
GDS 30 үлгісіне арналған диаграмма
Ең жоғары айналу моментіне төмендегі жағдайларда қол жеткізіледі:
- қатты орнату кезінде шамамен 6 секунд қағудан кейін
- жұмсақ орнату кезінде шамамен 26 секунд қағудан кейін
Стандартты бұрандалардың максималды тарту моменттері үшін мақсатты мәндерді төмендегі кестеден алуға болады.
Бұрандалардың максималды тарту моменттері үшін мақсатты мәндер
Деректер Нм бойынша берілген, керілген көлденең қимадан есептелген; аққыштық шегінің қолданылуы 90 % (үйкелу коэффициенті µges = 0,12). Бақылау үшін тарту моментін әрдайым динамометрлік кілтпен тексеру қажет.
DIN 267 бойынша қаттылық кластары | Стандартты бұрандалар | Берік бұрандалар | |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
3.6 | 4.6 | 5.6 | 4.8 | 6.6 | 5.8 | 6.8 | 6.9 | 8.8 | 10.9 | 12.9 | |
M8 | 6.57 | 8.7 | 11 | 11.6 | 13.1 | 14.6 | 17.5 | 19.7 | 23 | 33 | 39 |
M10 | 13 | 17.5 | 22 | 23 | 26 | 29 | 35 | 39 | 47 | 65 | 78 |
M12 | 22.6 | 30 | 37.6 | 40 | 45 | 50 | 60 | 67 | 80 | 113 | 135 |
M14 | 36 | 48 | 60 | 65 | 72 | 79 | 95 | 107 | 130 | 180 | 215 |
M16 | 55 | 73 | 92 | 98 | 110 | 122 | 147 | 165 | 196 | 275 | 330 |
M18 | 75 | 101 | 126 | 135 | 151 | 168 | 202 | 227 | 270 | 380 | 450 |
M20 | 107 | 143 | 178 | 190 | 214 | 238 | 286 | 320 | 385 | 540 | 635 |
M22 | 145 | 190 | 240 | 255 | 290 | 320 | 385 | 430 | 510 | 715 | 855 |
M24 | 185 | 245 | 310 | 325 | 370 | 410 | 490 | 455 | 650 | 910 | 1100 |
M27 | 275 | 365 | 455 | 480 | 445 | 605 | 725 | 815 | 960 | 1345 | 1615 |
M30 | 370 | 495 | 615 | 650 | 740 | 820 | 990 | 1100 | 1300 | 1830 | 2200 |
Қағу уақытын өлшеу мысалы (GDS 30)
8.8 қаттылық класына жататын M 24 бұрандалары = бұрандалардың тарту моменті 650 Нм
GDS 30 диаграммасынан 650 Нм шамасында 0,8 секундтық қағу ұзақтығы пайда болады қараңыз .
Кеңестер
Тұтас торсиондарда дәл калибрленген, диаметрі қысқартылған білік бар. Олар шектеулі бұрау моментімен қызмет етеді. Тұтас торсион қағатын бұрауыш пен мен бит арасына салынады.
Пайдалану үшін эмпирикалық формула қолданылады: бұранданың негізгі диаметрі = тұтас торсионның әсер ететін диаметрі. Қағу ұзақтығын бұрау әрекеттері арқылы есептеу қажет.
Ілу үшін электр құралының ауырлық орталығында құлақша (1) орнатылған.
Бұрыштықпен (керек-жарақ) қол тұтқасының орнын өзгертуге болады.
Қату температурасынан төмен температураларда электр құралының майлануын жақсарту үшін электр құралын алдымен шамамен 3 минут бос жүріс күйінде жұмыс істетіңіз.