Алмас кескіш дискіні орнату/алмастыру (A суретін қараңыз)
- Алмасты кескіш дискілерді орнату және алмастыру үшін қорғауыш қолғапты киген жөн.
- Алмасты кескіш дискілер жұмыс істеу барысында қызады, оларға суығанша тимеңіз.
- Әрдайым техникалық деректердегі мәліметтерге сәйкес келетін, дұрыс өлшемді және жарамды бекіткіш саңылауы бар алмас кескіш дискіні пайдаланыңыз.
- Тек алмастан жасалған кескіш дискілерді пайдаланыңыз. Сегменттелген алмас дискілерде тек теріс кесу бұрышы және сегменттер арасында ең көбі 10 мм ойықтар болуы керек.
Алмас кескіш дискіні монтаждау
- Алмас кескіш дискіні (25) және барлық монтаждалатын бөлшектерді тазалаңыз.
- Шеңберлік кілтті (24) тұтқаның (4) төменгі жағынан шығарыңыз.
- Алмас кескіш дискіні (25) жетек шпинделіне (12) орнатыңыз. Алмас кескіш дискідегі (25) көрсеткі бағыты және қорғаныш қаптамадағы (5) айналу бағытының көрсеткісі (8) сәйкес болуы керек.
- Шайбасы бар қысқыш бұранданы (9), ол берік бекітілгенше, шпиндель ішіне бұрап кіргізіңіз.
- Шпиндельді бұғаттау иінтірегін (13) тартып тұрыңыз да, алмас кескіш дискіні (25), шпиндель бекіткіші тірелгенше бұраңыз.
- Қысқыш бұранданы (9) жетек шпинделіне (12) шеңберлік кілттің (24) көмегімен бұрап бекітіңіз.
- Шпиндельді бұғаттау иінтірегін (13) жіберіңіз.
- Шеңберлік кілтті (24) қайтадан тұтқаның (4) төменгі жағына енгізіңіз.
Алмас кескіш дискіні бөлшектеу
- Шеңберлік кілтті (24) тұтқаның (4) төменгі жағынан шығарыңыз.
- Шпиндельді бұғаттау иінтірегін (13) тартып тұрыңыз.
- Шеңберлік кілттің (24) көмегімен қысқыш бұранданы (9) босатыңыз.
- Шайбасы бар қысқыш бұранданы (9), қысқыш фланецті (10) және алмас кескіш дискіні (25) жетек шпинделінен (12) босатып шығарыңыз.
- Жаңа алмас кескіш дискіні (25) монтаждаңыз қараңыз Алмас кескіш дискіні монтаждау.
- Шеңберлік кілтті (24) қайтадан тұтқаның (4) төменгі жағына енгізіңіз.