Қосу/өшіру
Өлшеу үшін қорғаныш қалпақшаны (1) ашыңыз. Жұмыс барысында инфрақызыл датчиктің бітелмегеніне немесе жабылмағанына көз жеткізіңіз.
Өлшеу құралын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (9) басыңыз. Дисплейде (14) бастапқы реттілік пайда болады. Бастапқы реттіліктен кейін өлшеу құралы дереу өлшеу әрекетін бастайды және оны өшірілгенше үздіксіз жалғастырады.
Нұсқау: алғашқы минуттарда өлшеу құралы жиірек өздігінен теңестірілуі мүмкін, себебі датчик пен қоршаған орта температурасы әлі тураланбаған. Датчиктің жаңадан теңестірілуі дәлме-дәл өлшеуге мүмкіндік береді.
Бұл уақытта температура индикаторы ~ белгісімен көрсетілуі мүмкін. Датчиктің теңестірілу кезінде термограмма қысқа уақытқа қатырылады. Қоршаған орта температурасының ауытқуы қатты болған жағдайда, бұл әсер күшейіп қалады. Сондықтан өлшеу құралының температурасын тұрақтандыру үшін оны мүмкіндігінше өлшеуді бастамастан бірнеше минут бұрын қосыңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (9) қайтадан басыңыз. Өлшеу құралы барлық реттеулерді сақтап, сонан соң өшіп қалады. Өлшеу құралын қауіпсіз тасымалдау үшін қорғаныш қалпақшаны (1) жауып қойыңыз.
Бас мәзірде өлшеу құралын автоматты түрде өшіру қажеттігі мен уақытын таңдауға болады қараңыз Бас мәзір.
Егер аккумулятор немесе өлшеу құралы техникалық деректерде көрсетілген жұмыс температурасынан тыс болса, өлшеу құралы қысқа қараңыз Ақаулықтар – себептері және шешімдері ескертуінен кейін автоматты түрде өшеді. Өлшеу құралының температурасын қалпына келтіріп, содан кейін оны қайта қосыңыз.