Ақаулықтар – себептері және шешімдері

Ақаулық орын алған жағдайда, өлшеу құралы қайта іске қосу әрекетін орындайды және соңында қайта пайдаланылуы мүмкін. Кері жағдайда пайдаланушыға төменде келтірілген тұрақты ақаулық туралы хабарлардың шолуы көмектеседі.

Ақаулық

Себебі

Шешімі

Өлшеу құралын қосу мүмкін емес.

Аккумулятордың немесе батареялардың заряды таусылған

Аккумуляторды зарядтаңыз немесе батареяларды алмастырыңыз.

Аккумулятор тым ыстық немесе тым суық

Аккумулятор температурасын қалпына келтіріңіз немесе оны алмастырыңыз.

Өлшеу құралы тыс ыстық немесе тыс суық

Өлшеу құралының температурасын теңестіріңіз.

Кескіндер жады толып қалды

Қажет болса, кескіндерді басқа жад құрылғысына (мысалы, компьютерге) көшіріңіз. Сонан соң ішкі жадтағы кескіндерді жойыңыз.

Кескіндер жады бұзылған

Барлық кескіндерді жою арқылы ішкі жадты пішімдеңіз. Егер мәселе шешілмесе, өлшеу құралын өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.

Өлшеу құралы ақаулы

Өлшеу құралын өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.

Өлшеу құралын компьютермен байланыстыру мүмкін емес.

Өлшеу құралы компьютерде анықталмайды.

Компьютердегі драйвердің жаңартылғанын тексеріңіз. Қажет болса, компьютерге жаңа операциялық жүйе нұсқасын орнатыңыз.

USB порты немесе USB кабелі ақаулы

Өлшеу құралының басқа компьютерге қосыла алатын-алмайтынын тексеріңіз. Болмаса, өлшеу құралын өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.