Пайдалануға ендіру
- Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз.
- Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен температуралық ауытқулары жағдайында алдымен өлшеу құралының температурасын дұрыс пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе температура тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі төменделуі мүмкін.
- Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым дәлдік тексеруін орындау керек қараңыз Өлшеу құралының дәлдігін тексеру.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін қосу-өшіру түймесін (3) бір рет қысқа басыңыз. Өлшеу құралы өшкеннен кейін бірден 0°, 45° және 90° үш лазер сызығын шығару саңылауларынан (2) жібереді. Оған қоса батарея туралы ескерту (4) 3 секунд жанып тұрады.
- Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Қосу-өшіру түймесін (3) екінші рет басқанда өлшеу құралы 3 сызықтық жұмыс режимінен 2 сызықтық жұмыс режиміне ауысады: енді тек 0° және 90° лазер сызықтары көрсетіледі.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу-өшіру түймесін (3) үшінші рет басыңыз.
- Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін.
Өшіру автоматикасын ажырату
Өлшеу құралы 30 минут жұмыс істегеннен кейін автоматты түрде өшеді.
Өшіру автоматикасын ажырату үшін өлшеу құралын қосу кезінде қосу-өшіру түймесін (3) 3 секунд басыңыз. Өшіру автоматикасы ажыратылған болса, лазер сызықтары қосылғаннан кейін растау үшін қысқаша жыпылықтайды.
Автоматты түрде өшіруді белсендіру үшін өлшеу құралын өшіріп, қосу-өшіру түймесін (3) қысқа басу арқылы қайта қосыңыз. Қосқаннан кейін лазер сызықтары жыпылықтамайды.