Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін ауытқуы мүмкін.
Ол үшін өлшеу құралын жұмыс аймағына мүмкіндігінше жақын ұстаңыз да, астыңғы жағымен жұмыс аймағына параллель етіп бекітіңіз.
Сыртқы әсерлерге қоса аспапқа тән әсерлер де (мысалы, қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға әкелуі мүмкін. Сондықтан әр жұмысты бастамас бұрын бұрыш дәлдігін тексеріңіз.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында жөндетіңіз.
Тексеру үшін берік, тегіс бетте шамамен 10 × 5 м бос кеңістік қажет болады.
- Өлшеу құралын өлшеу аймағының бұрышына қойыңыз. Өлшеу құралын қосып, оны 0° лазер сызығы өлшеу аймағының ұзын жағының бойымен, ал 90° лазер сызығы өлшеу аймағының қысқа жағының бойымен өтетіндей етіп бағыттаңыз.
- Лазер сызықтарының айқасу нүктесін еденде (Ⅰ нүкте) белгілеңіз. Бұдан басқа 0° лазер сызығының ортасын 5 м қашықтықта (Ⅱ нүкте) және 10 м қашықтықта (Ⅲ нүкте) белгілеңіз.
- Өлшеу құралын (бұрамай) 5 м қашықтықта лазер сызықтарының айқасу нүктесі белгіленген Ⅱ нүктеге түсетіндей және 0° лазер сызығы Ⅲ нүктеден өтетіндей етіп реттеңіз. 90° лазер сызығының ортасын 5 м қашықтықта белгілеңіз (Ⅳ нүкте).
- Өлшеу құралын 0° лазер сызығының ортасы Ⅳ нүктеден өтетіндей 90°-қа бұраңыз. Лазер сызықтарының айқасу нүктесі сонда да Ⅱ нүктеде тұруы керек. 90° лазер сызығының ортасын 5 м қашықтықта Ⅴ нүкте ретінде Ⅰ нүктеге жақын белгілеңіз.
- Ⅴ және Ⅰ нүктелердің екеуінің де d айырмашылығы 0° лазер сызығы мен 90° лазер сызығының дұрыс бұрыштан шынайы ауытқуын білдіреді.
2 × 5 м = 10 м өлшеу қашықтығында максималды рұқсат етілген ауытқу:
10 м × ±0,2 мм/м = ±2 мм. Ⅰ және Ⅴ нүктелер арасындағы d айырмашылығы ең көбі 2 мм болуы керек.
Тексеру үшін берік, тегіс бетте шамамен 10 × 5 м бос кеңістік қажет болады.
- Өлшеу құралын өлшеу аймағының бұрышына қойыңыз. Өлшеу құралын қосып, оны 0° лазер сызығы өлшеу аймағының ұзын жағының бойымен, ал 90° лазер сызығы өлшеу аймағының қысқа жағының бойымен өтетіндей етіп бағыттаңыз.
- Лазер сызықтарының айқасу нүктесін еденде (Ⅰ нүкте) белгілеңіз. Бұдан басқа 0° лазер сызығының ортасын 5 м қашықтықта (Ⅱ нүкте) және 10 м қашықтықта (Ⅲ нүкте) белгілеңіз.
- Өлшеу құралын (бұрамай) 5 м қашықтықта лазер сызықтарының айқасу нүктесі белгіленген Ⅱ нүктеге түсетіндей және 0° лазер сызығы Ⅲ нүктеден өтетіндей етіп реттеңіз. 45° лазер сызығының ортасын 5 м қашықтықта белгілеңіз (Ⅳ нүкте).
- Өлшеу құралын 0° лазер сызығының ортасы Ⅳ нүктеден өтетіндей 45°-қа бұраңыз. Лазер сызықтарының айқасу нүктесі сонда да Ⅱ нүктеде тұруы керек. 45° лазер сызығының ортасын 5 м қашықтықта Ⅴ нүкте ретінде белгілеңіз.
- Өлшеу құралын 0° лазер сызығының ортасы Ⅴ нүктеден өтетіндей 45°-қа бұраңыз. Лазер сызықтарының айқасу нүктесі сонда да Ⅱ нүктеде тұруы керек. 45° лазер сызығының ортасын 5 м қашықтықта Ⅵ нүкте ретінде белгілеңіз.
- Өлшеу құралын 0° лазер сызығының ортасы Ⅵ нүктеден өтетіндей 45°-қа бұраңыз. Лазер сызықтарының айқасу нүктесі сонда да Ⅱ нүктеде тұруы керек. 45° лазер сызығының ортасын 5 м қашықтықта Ⅶ нүкте ретінде Ⅰ нүктеге жақын белгілеңіз.
- Ⅰ және Ⅶ нүктелердің екеуінің де d айырмашылығы 0° лазер сызығы мен 45° лазер сызығының дұрыс бұрыштан шынайы ауытқуын білдіреді.
4 × 5 м = 20 м өлшеу қашықтығында максималды рұқсат етілген ауытқу:
20 м × ±0,4 мм/м* = ±8 мм. Ⅰ мен Ⅶ нүктелердің арасындағы d айырмашылығы ең көбі 8 мм құрауы керек.
* ±0,4 мм/м шамасы ±0,2 мм/м бұрыш дәлдігі мен 0,2 мм/м бұрау кезіндегі ықтимал дәлсіздіктің қосындысын құрайды.