Аралау
- Параллель тіректі (9) қажетті кесік еніне реттеп шығыңыз.
- Дайындаманы аралау үстеліне қорғаныш қаптаманың (6) алдына қойыңыз.
- Ара дискісін қос иіннің (18) көмегімен ара дискісінің (26) жоғарғы тістері дайындамадан шамамен 3−6 мм-ге жоғары болғанша көтеріңіз немесе түсіріңіз.
- Электр құралын қосыңыз.
- Дайындаманы бірқалыпты жылжытып аралаңыз.
Тым көп қысым қолданған жағдайда, ара дискісінің ұштықтары қатты қызып, дайындамға зақым келтіруі мүмкін. - Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
- Ара дискісінің қажетті тік еңіс бұрышын орнатыңыз.
Ара дискісі солға еңкейтілген жағдайда, параллель тірек (9) ара дискісінен оң жақта орналасуы тиіс. - Жұмыс қадамдарын сәйкесінше орындаңыз: қараңыз Түзу кесіктерді аралау
- Қажетті көлденең еңіс бұрышын бұрыштық тіректе (3) орнатыңыз.
- Дайындаманы профильдік тіреуішке (28) қойыңыз.
Профиль кесік сызығында болмауы тиіс. Осы жағдайда домалатпа гайканы (57) босатып, профильдік тіреуішті жылжытыңыз. - Ара дискісін қос иіннің (18) көмегімен ара дискісінің (26) жоғарғы тістері дайындамадан шамамен 3 − 6 мм-ге жоғары болғанша көтеріңіз немесе түсіріңіз.
- Электр құралын қосыңыз.
- Дайындаманы бір қолмен профильдік тіреуішке (28) қарай итеріп, бұрыштық тіректі басқа қолмен реттегіш бастиегінен (53) бағыттауыш ойық (5) ішіне баяу алға қарай жылжытыңыз.
- Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.