Алмас кескіш дискіні орнату/алмастыру (A суретін қараңыз)

Алмас кескіш дискіні монтаждау

  • Алмас кескіш дискіні (25) және барлық монтаждалатын бөлшектерді тазалаңыз.
  • Шеңберлік кілтті (24) тұтқаның (4) төменгі жағынан шығарыңыз.
  • Алмас кескіш дискіні (25) жетек шпинделіне (12) орнатыңыз. Алмас кескіш дискідегі (25) көрсеткі бағыты және қорғаныш қаптамадағы (5) айналу бағытының көрсеткісі (8) сәйкес болуы керек.
  • Шайбасы бар қысқыш бұранданы (9), ол берік бекітілгенше, шпиндель ішіне бұрап кіргізіңіз.
  • Шпиндельді бұғаттау иінтірегін (13) тартып тұрыңыз да, алмас кескіш дискіні (25), шпиндель бекіткіші тірелгенше бұраңыз.
  • Қысқыш бұранданы (9) жетек шпинделіне (12) шеңберлік кілттің (24) көмегімен бұрап бекітіңіз.
  • Шпиндельді бұғаттау иінтірегін (13) жіберіңіз.
  • Шеңберлік кілтті (24) қайтадан тұтқаның (4) төменгі жағына енгізіңіз.

Алмас кескіш дискіні бөлшектеу

  • Шеңберлік кілтті (24) тұтқаның (4) төменгі жағынан шығарыңыз.
  • Шпиндельді бұғаттау иінтірегін (13) тартып тұрыңыз.
  • Шеңберлік кілттің (24) көмегімен қысқыш бұранданы (9) босатыңыз.
  • Шайбасы бар қысқыш бұранданы (9), қысқыш фланецті (10) және алмас кескіш дискіні (25) жетек шпинделінен (12) босатып шығарыңыз.
  • Жаңа алмас кескіш дискіні (25) монтаждаңыз қараңыз Алмас кескіш дискіні монтаждау.
  • Шеңберлік кілтті (24) қайтадан тұтқаның (4) төменгі жағына енгізіңіз.