Аралау

  • Параллель тіректі (5) қажетті кесік еніне реттеп шығыңыз.
  • Дайындаманы аралау үстеліне қорғаныш қаптаманың (3) алдына қойыңыз.
  • Ара дискісін қос иіннің (15) көмегімен ара дискісінің (24) жоғарғы тістері дайындамадан шамамен 3−6 мм-ге жоғары болғанша көтеріңіз немесе түсіріңіз.
  • Электр құралын қосыңыз.
  • Дайындаманы бірқалыпты жылжытып аралаңыз.
    Тым көп қысым қолданған жағдайда, ара дискісінің ұштықтары қатты қызып, дайындамға зақым келтіруі мүмкін.
  • Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.

  • Ара дискісінің қажетті тік еңіс бұрышын орнатыңыз.
    Ара дискісі солға еңкейтілген жағдайда, параллель тірек (5) ара дискісінен оң жақта орналасуы тиіс.
  • Жұмыс қадамдарын сәйкесінше орындаңыз: қараңыз Түзу кесіктерді аралау

  • Қажетті көлденең еңіс бұрышын бұрыштық тіректе (2) орнатыңыз.
  • Дайындаманы бұрыштық тірекке (2) қойыңыз.
  • Ара дискісін қос иін (15) арқылы жоғарғы ара тістері дайындама жоғарғы бетінен шамамен 5 мм-ге жоғары тұратындай етіп көтеріңіз немесе түсіріңіз.
  • Электр құралын қосыңыз.
  • Дайындаманы бір қолмен бұрыштық тірекке қарай итеріп, басқа қолмен реттегіш бастиектен (53) бағыттауыш ойық (28) ішіне баяу алға қарай жылжытыңыз.
  • Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.