Пайдалану бойынша нұсқаулар

  • Фрезерлеу процесін үнемі фрезаның (5) айналу бағытына қарсы орындау керек (кері қозғалыс). Қозғалыс бағытымен (синхронды қозғалыс) фрезерлеу кезінде электр құралын қолмен жүргізуге болады.

Қажетті фрезерлеу тереңдігін реттеңіз қараңыз Кесу тереңдігін орнату.

Фрезасы орнатылған электр құралын өңделетін дайындамаға қойып, электр құралын қосыңыз.

Құлыптан босату иінтірегін (23) артқа басып, жоғарғы фрезаны тірек тақтасына (13) қарай тірелгенше жылжытыңыз. Батыру тереңдігін бекіту үшін құлыптан босату иінтірегін (23) қайта жіберіңіз.

Фрезерлеу процесін біркелкі алға жылжыту арқылы орындаңыз.

Фрезерлеу процесі аяқталған соң, жоғарғы фрезаны ең жоғарғы күйге қайтарыңыз.

Электр құралын өшіріңіз.

Үлкен дайындамаларды өңдеу үшін, мысалы, ойықтарды фрезерлеу кезінде, тақтаны немесе планканы көмекші тірек ретінде бекітіп, осы тірек бойымен фрезерлеуге болады. Жоғарғы фрезаны сырғу тақтасының майысқан жағымен көмекші тірек бойымен жылжытыңыз.

Параллель тірексіз жиектерді және профидьдерді фрезерлеу кезінде фреза бағыттағыш шетмойынмен немесе шарикті подшипникпен жабдықталуы керек.

Қосылған электр аспапты бағыттағыш шетмойын немесе шарикті подшипник дайындаманың өңделетін жиегіне тірелетіндей етіп қойыңыз.

Электр құралын дайындама шеті жағалай басқарыңыз. Сонымен қатар, тік бұрышты қойылуын қадағалаңыз. Тым қатты күш түсірген жағдайда дайындама жиегі зақымдануы мүмкін.

Параллель тіректі (33) бағыттауыш қарнақтармен (34) тірек тақтасына (13) жылжытып, оны бұрандалармен (7) қажетті өлшеміне сәйкес тартыңыз.

(36) және (35) қатпарлы бұрандаларының көмегімен параллель тіректі ұзындық бойымен қосымша реттеуге болады.

Айналмалы тұтқаның (37) көмегімен екі қатпарлы бұранданы (35) босатқаннан кейін ұзындықты дәлдеп реттеуге болады. Бір айналым қондырғының 2,0 мм жүрісіне тең, айналмалы тұтқадағы (37) бір бөлік қондырғының 0,1 мм жүрісіне тең.

Тірек планкасы (38) арқылы параллель тіректің тиімді тірек бетін өзгертуге болады.

Қосылған электр құралын біркелкі алға қарай жүріспен және параллель тіректі бүйірінен қысу арқылы дайындама жиегінің бойымен жүргізіңіз.

Параллель тірекпен (33) фрезерлеу кезінде шаң/жоңқа сору әрекетін арнайы сору адаптері (39) арқылы орындау керек. Сору адаптерін орнатылған күйде қалдыруға болады.

Дөңгелек бөлшектерді фрезерлеу үшін циркульді пайдалануға болады.

Бағыттауыш шинаның және бағыттауыш шина адаптерінің көмегімен тік жүретін жұмыс процестерін орындауға болады.

Көшіру гильзасының (43) көмегімен контурларды үлгілер мен шаблондардан дайындамаға түсіруге болады.

Көшіру гильзасын шаблон немесе үлгі қалыңдығына сәйкес таңдаңыз. Көшіру гильзасының шығып тұратын биіктігінен шаблон қалыңдығы 8 мм-ден кем болмауы тиіс.

Көшіру гильзасын (43) қолдану үшін алдымен көшіру гильзасының SDS адаптерін (40) сырғу тақтасына (11) енгізу қажет.

Көшіру гильзасының адаптерін (40) жоғарыдан сырғу тақтасына (11) енгізіп, 2 бекіткіш бұрандамен (41) бұрап бекітіңіз. Көшіру гильзасының адаптерін құлыптан босату иінтірегінің (42) еркін жылжу мүмкіндігін қадағалаңыз.

Құлыптан босату иінтірегін (42) көрсеткі бағытымен жылжытып, көшіру гильзасын (43) астыңғы жақтан көшіру гильзасының SDS адаптеріне (40) енгізіңіз. Бұл ретте кодтау жұдырықшалары көшіру гильзасының (43) саңылауларына аздаған күшпен бекітілуі керек.

Фреза ортасы мен көшіру гильзасының жиегінен арақашықтықты тексеріңіз қараңыз Тірек тақтасын ортаға келтіру (N суретін қараңыз).

  • Көшіру гильзасының ішкі диаметрінен кіші болатын фреза диаметрін таңдаңыз.

Фрезерлеу процесі

Көшіру гильзасы (43) бар қосулы электр құралын шаблон бойынша жүргізіңіз.

Құлыптан босату иінтірегін (23) артқа басып, жоғарғы фрезаны белгіленген фрезерлеу тереңдігіне жеткенше баяу төмен қарай жылжытыңыз. Батыру тереңдігін бекіту үшін құлыптан босату иінтірегін (23) қайта жіберіңіз.

Шығыңқы көшіру гильзасы (43) бар электр құралын бүйірінен қысу арқылы шаблон бойымен жүргізіңіз.

Фреза ортасынан көшіру гильзасының жиегіне дейінгі арақашықтық бірдей болуы үшін, көшіру гильзасын (43) және сырғу тақтасын (11) қажетінше бір-біріне ортаға келтіруге болады.

Құлыптан босату иінтірегін (23) артқа басып, жоғарғы фрезаны тірек тақтасына (13) қарай тірелгенше жылжытыңыз. Батыру тереңдігін бекіту үшін құлыптан босату иінтірегін (23) қайта жіберіңіз.

Бекіткіш бұрандаларды (44) сырғу тақтасы (11) еркін қозғалатындай шамамен 2 айналымға бұрап босатыңыз.

Ортаға дәлдеу жақтауын (45) суретте көрсетілгендей құрал бекіткішіне орнатыңыз. Салмалы гайканы ортаға дәлдеу жақтауы еркін айналатындай етіп тартыңыз.

Ортаға дәлдеу жақтауын (45) және көшіру гильзасын (43) сырғу тақтасын (11) кішкене жылжыту арқылы бір-бірімен туралаңыз.

Бекіткіш бұрандаларды (44) қайтадан бұрап бекітіңіз.

Ортаға дәлдеу жақтауын (45) құрал бекіткішінен шығарыңыз.

Құлыптан босату иінтірегін (23) басып, жоғарғы фрезаны ең жоғарғы күйге келтіріңіз.

Батарея бөлімінің қақпағын (22) жоғары қарай жылжытыңыз және батареяны шығарып алыңыз. Жаңа батареяны салыңыз (CR2032 түрі). Батареяның оң полюсі батарея бөлімінің қақпағына (22) қатысты алға қарап тұруы керек. Тығыздауышты (46) салып, батарея бөлімінің қақпағын (22) жауып қойыңыз.