Пайдалану
- Қол құрылғысын және аккумуляторды немесе батарея адаптерін тікелей күн сәулесінен қорғаңыз. Аккумуляторды немесе батарея адаптерін ылғалдан қорғаңыз. Камера кабелі (1) және камера бастиегі (2) дұрыс монтаждалған күйде су өткізбейді, қол құрылғысы (13) шашыранды судан қорғалған. Алайда аккумулятор (14) және батарея адаптері судан қорғалмаған, оларға су тисе, ток соғу немесе зақым келтіру қаупі туындайды.
- Камера бастиегіндегі (2) объектив буланған жағдайда, тексеру камерасын қолданбаңыз. Тексеру камерасын ылғал буға айналып кеткеннен кейін ғана қосыңыз. Кері жағдайда тексеру камерасы зақымдалуы мүмкін.
- Қосылған шам (3) жұмыс барысында қызып кетуі мүмкін. Күйіп қалмау үшін шамға тимеңіз.
- Тексеру камерасына айрықша температура немесе шұғыл температура өзгерістері әсер етпеуі тиіс. Оны, мысалы, автомобильде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Үлкен температура өзгерістерінің жағдайында алдымен тексеру камерасын пайдаланбас бұрын оның температурасын қалпына келтіріңіз.