Жазбаларды сақтау/тасымалдау
Micro-SD картасы (20) енгізілген болса, фотолар мен видеолар картаға сақталады.
Micro-SD картасы салынбаған кезде, фотолар тексеру камерасының ішкі жадына сақталады да, видео түсіру мүмкін болмайды.
Фото режимі: ағымдағы дисплей индикаторын суретке түсіру үшін фото/видео түсіру түймесін (12) басыңыз.
Видео режимі: видео түсіруді бастау үшін фото/видео түсіру түймесін (12) басыңыз, аяқтау үшін фото/видео түсіру түймесін (12) немесе ортаңғы түймені (9) басыңыз.
Фото мен видео режимдерінің арасында ауысу әрекеті <Бас мәзір> арқылы жүзеге асырылады.
- Фото файлдарын ішкі жадтан Micro-SD картасына (20) тасымалдау: Micro-SD картасы (20) салынған кезде, дисплейде тексеру камерасының ішкі жадында сақталған деректерді Micro-SD картасына тасымалдау қажеттігі туралы сұрақ көрсетіледі.
- Фото файлдарын ішкі жадтан USB Type‑C® арқылы тасымалдау: тексеру камерасына ешқандай Micro-SD картасы (20) салынбаған болса ғана тасымалдау мүмкін болады.
- Файлдарды Micro-SD картасынан (20) тасымалдау: файлдарды салынған Micro-SD картасынан (20) USB Type‑C® арқылы тасымалдауға немесе Micro-SD картасын (20) шығарып, басқа құрылғыны пайдалануға болады.
Деректерді USB Type-C® арқылы тасымалдау үшін тексеру камерасын қосыңыз. USB Type-C® ұясының (17) қақпағын ашыңыз. USB Type-C® ұясын USB Type-C® кабелі (19) арқылы дербес компьютерге жалғаңыз.
Дербес компьютеріңізде файл браузерін ашып, файлдарды тасымалдау үшін диск жетегін таңдаңыз. Диск жетегінің атауы келесідей:
- тексеру камерасына ешқандай Micro-SD картасы салынбаған болса: Bosch_GIC
- атауы жоқ Micro-SD картасы тексеру камерасына салынған болса: USB диск жетегінің стандартты атауы
- атауы бар Micro-SD картасы тексеру камерасына салынған болса: Micro-SD картасының атауы
Сақталған файлдарды тексеру камерасының ішкі жадынан немесе Micro-SD картасынан көшіруге, дербес компьютеріңізге жылжытуға немесе жоюға болады.
Қажетті әрекетті аяқтағаннан кейін диск жетегін әдеттегідей ажыратыңыз.
Нұсқау: әрдайым алдымен диск жетегін дербес компьютердің операциялық жүйесінен ажыратыңыз (диск жетегін шығару), әйтпесе тексеру камерасының ішкі жады зақымдалуы мүмкін.
USB Type-C® кабелін шығарып алыңыз (тексеру камерасы автоматты түрде өшіп қалады). Шаңнан және шашыранды судан қорғау үшін жоғарғы қаптаманы (16) жабыңыз.
Нұсқау: тексеру камерасын USB Type-C® интерфейсі арқылы тек дербес компьютерге жалғаңыз. Басқа құрылғыларға жалғаған жағдайда, тексеру камерасы зақымдалуы мүмкін.
Нұсқау: USB Type-C® интерфейсі тек деректерді тасымалдау үшін қолданылады, оның көмегімен аккумуляторларды немесе басқа құрылғыларды зарядтау мүмкін емес.