Жұмыс істеуге дайындық
- Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (8) электр құралы тоқтатылып тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
- Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (8) жоғары қарай "R" күйіне басыңыз.
- Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (8) төмен қарай "L" күйіне басыңыз.
Нұсқау: солға айналу бағытын бұрғылау үшін пайдалануға болмайды.
Электр құралын әр іске қосудан бұрын жылыстау тогынан қорғаныс автоматының жұмысын тексеріңіз!
- Магниттің ажыратқышы (20) "0" күйінде болғанына көз жеткізіңіз.
- Желілік ашаны салып, жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (15) RESET түймесін индикатор (16) қызыл түспен жанғанша басыңыз.
- Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (15) TEST түймесін индикатор (16) сөнгенше басыңыз. Индикатор (16) сөнбесе, бұл жылыстау тогынан қорғаныс автоматының ақаулы және оны жөндеу қажет екендігін білдіреді. Электр құралын пайдаланбаңыз!
- Индикатор (16) сөнгеннен кейін RESET түймесін қайтадан басыңыз.
- Индикатор (16) қызыл түспен жанып тұрса, құралды орналастырыңыз қараңыз Электр құралын тиісінше орналастыру.
- НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралын ток көзінен әр ажыратқан сайын электр құралын қайта пайдаланбас бұрын осы сынақты қайта орындау қажет болады.
Нұсқау: жылыстау тогынан қорғаныс автоматы кем дегенде 10 мА шамасындағы ток соғудан қорғайды.
Лазерлік крест дәл бұрғылау орнын көрсетеді.
- Лазер блогын ажыратқышпен (7) қосыңыз.
- Электр құралын дайындама үстіне орналастырып, оны лазерлік кресттің көмегімен дайындама белгісімен туралаңыз.
- Магнит ажыратқышын (20) жоғары қарай басып, электр құралы дайындама бетінде ұсталғанына көз жеткізіңіз.
- Қажет болса, электр құралын сақтандырғыш таспамен (44) бекітіңіз.
- Қиғаш немесе тік күйде немесе бас үстінен орындалатын кез келген жұмыстар кезінде электр құралын жинақтағы сақтандырғыш таспамен түсіп қалудан сақтаңыз.
- Пайдаланбас бұрын сақтандырғыш таспаның ақаусыз жұмысын тексеріп шығыңыз. Еш жағдайда зақымдалған сақтандырғыш таспаны пайдаланбаңыз, оны дереу алмастырыңыз.
- Сақтандырғыш таспаны (44) электр құралына мүмкіндігінше саңылаусыз бекітіңіз.
- Сақтандырғыш mаспаны бекіткіш (11) арқылы өткізіп, дайындамаға қойыңыз.
- Сақтандырғыш таспаны тіреуіш механизмнің (42) көмегімен тартыңыз.
- Сақтандырғыш таспаны босату үшін тіреуіш механизмдегі ысырманы (43) басып, сақтандырғыш таспаны тартып шығарыңыз.
- Сақтандырғыш таспаны электр құралы сырғыған жағдайда өзіңізден ары жылжитындай етіп орналастырыңыз.