Жұмыс істеуге дайындық

Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.

Аралау үстелін қосымша ұзартқыш (11) арқылы солға қарай ұзартуға болады.

  • Қыспа иінтіректі (10) төмен қарай қайырыңыз.
  • Аралау үстелінің ұзартқышын (11) қажетті ұзындыққа дейін сыртқа тартыңыз.
  • Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қыспа иінтіректі (10) қайтадан жоғары қарай тартыңыз.

Көлденең еңіс бұрышын 0° және 45° аралығында реттеуге болады.

Маңызды реттеу параметрлері бұрыштық тіректегі (6) тиісті белгілермен белгіленген. 0° және 45° күйлер тиісті шектік тірекпен қамтамасыз етіледі.

  • Бұрыштық тіректің (6) қысқыш тұтқасын (13) босатыңыз.
  • Бұрыштық тіректі (6) бұрыш индикаторы (33) қажетті еңіс бұрышын шкалада (34) көрсеткенше бұраңыз.
  • Қысқыш тұтқаны (13) қайтадан тартыңыз.

Лазер сәулесі ара дискісінің кесік сызығын көрсетеді. Осылайша дайндаманы аралау үшін маятниктік қорғаныш қаптаманы ашпай дәл орналастыруға болады.

  • Ол үшін лазер сәулесін қосқышпен (19) қосыңыз.
  • Белгіңізді дайындамадағы лазер сызығының оң жақ жиегіне бағыттаңыз.

Нұсқау: аралау алдында кесік сызығы дұрыс көрсетілгенін тексеріп шығыңыз. Лазер сәулесі, мысалы, қарқынды пайдалану кезіндегі діріл себебінен ығысуы мүмкін.

Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек. Мықтап қысу үшін тым кішкентай болатын дайындамаларды өңдемеңіз.

Ұзын және ауыр дайындамаларды бос шетінен басып тіреу керек.

  • Дайындаманы бұрыштық тірекке (6) қойыңыз.
  • Бекіту шпинделін (7) дайындамаға жылжытып, дайындаманы шпиндель тұтқасының (9) көмегімен қысыңыз.

  • Шпиндель тұтқасын (9) босатыңыз.
  • Жылдам құлпын ашу құралын (8) ашып, бекіту шпинделін (7) дайындамадан ары тартыңыз.