Пайдалану бойынша нұсқаулар

Тексерілетін қоршаған ортаны қарап шығып, әсіресе кедергілерге немесе қауіпті жерлерге назар аударыңыз.

Камера кабелін (1), камера бастиегі тексерілетін ортаға бағытталатындай, бүктеңіз. Камера кабелін абайлап енгізіңіз.

Камера шамының (3) жарықтығын, кескін жақсы анықталатындай, реттеңіз. Мысалы, қатты шағылысатын заттарды тексергенде, төменірек жарықта немесе қара-ақ контрасты реттеуінде жақсырақ кескін пайда болады.

Егер тексеріліп жатқан заттардың айқындығы дұрыс болмаса, камера бастиегі (2) мен заттың аралығын ұзартыңыз немесе қысқартыңыз.

Қателер – себептері және шешімдері

Дисплейдегі қате индикаторы

Себебі

Шешімі

(сары түсті ескерту)

Ішкі жад толып қалды дерлік

Ішкі жадтан файлдарды жойыңыз немесе Micro-SD картасын (20) салыңыз.

(қызыл түсті ескерту)

Ішкі жад толып қалды

Ішкі жадтан файлдарды жойыңыз немесе Micro-SD картасын (20) салыңыз.

Ішкі жадтағы қате

Тексеру камерасын қайта іске қосыңыз.

Мәселе шешілмесе, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.

(сары түсті ескерту)

Micro-SD картасы толайын деп қалды

Micro-SD картасынан (20) файлдарды жойыңыз.

(қызыл түсті ескерту)

Micro-SD картасы толып қалды

Micro-SD картасынан (20) файлдарды жойыңыз.

Micro-SD картасының қатесі

Micro-SD картасын (20) шығарып, қайта салыңыз.

Micro-SD картасын басқа құрылғыда тексеріп шығыңыз.