Пайдаланушы интерфейсі (F суретін қараңыз)
Пайдаланушы интерфейсі (16) электр құралының жұмыс режимін таңдау және күйін көрсету үшін пайдаланылады.
Күй көрсеткіштері
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (19) | Мағынасы/себебі | Шешімі |
---|---|---|
жасыл (2 - 5 жолақ) | Аккумулятор зарядталған | – |
сары (1 жолақ) | Аккумулятор заряды таусылған дерлік | Аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау |
қызыл (1 жолақ) | Аккумулятор заряды таусылған | Аккумуляторды алмастыру немесе зарядтау |
Температура индикаторы (24) | Мағынасы/себебі | Шешімі |
---|---|---|
Сары | Аккумулятордың немесе электр құралының қызметтік температурасы анық көтеріледі, ал қуат төмендейді | Электр құралын суыту немесе қатты қызған аккумуляторды алмастыру |
Қызыл | Аккумулятордың немесе электр құралының қызметтік температурасынан асырылды, электр құралы қорғаныс мақсатымен өшіріледі | Электр құралын суыту немесе қатты қызған аккумуляторды алмастыру |
Электр құралының күйі индикаторы (18) | Мағынасы/себебі | Шешімі |
---|---|---|
Жасыл | OK күйі | – |
Сары | Шектік температураға жетті немесе аккумулятор заряды таусылған дерлік | Электр құралын суыту немесе аккумуляторды алмастыру/зарядтау |
Қызыл | Электр құралы қызып кетті немесе аккумулятор заряды таусылған | Электр құралын суыту немесе аккумуляторды алмастыру/зарядтау |
Қызыл | Соққыны/айналуды тоқтату қосқышы жұмыс барысында іске қосылды | Электр құралын өшіріп қайта қосу |
Қозғалтқыш бұғатталған, аккумулятор заряды тым төмен | Аккумуляторды зарядтау немесе ұсылынылатын аккумулятор түрін пайдалану | |
Жалпы ақаулықтар |
Ақаулық сонда да жойылмаса:
| |
Қызыл түспен жыпылықтайды
| Жылдам өшіру функциясы іске қосылды | Электр құралын өшіріп қайта қосу |
Көк түспен жыпылықтайды | Электр құралы Bluetooth® арқылы ақырғы мобильді құрылғымен байланыстырылған | – |
Смартфон күйінің индикаторы (22) | Мағынасы/себебі | Шешімі |
---|---|---|
Ақ | Маңызды ақпарат қолжетімді (мысалы, температура туралы ескерту) | Смартфондағы хабарды оқып шығу |
Жұмыс режимін таңдау
Жұмыс режимін таңдау түймесін (21) сізге қажетті жұмыс режимі пайда болғанша басыңыз.
Нұсқау: Favorite жұмыс режимінде смартфон қолданбасының функциялары конфигурацияланады, Auto жұмыс режимдерінде функциялар алдын ала реттеледі.
Жұмыс режимінің индикаторы (23) | Функциялар |
---|---|
жанып тұр | Auto жұмыс режимінде электр құралы максималды қуат деңгейіне жетеді.
|
жанып тұр | Favorite жұмыс режимінде электр құралын смартфон қолданбасы арқылы жекелей конфигурациялауға болады.
|