Өлшеу құралын қайта калибрлеу
Өлшеу құралының жанында металдан жасалған ешқандай нысан болмағанына қарамастан жарық сақинасы (2) тұрақты қызыл түспен жанып тұрса және металл нысан индикаторы (5) тұрақты жанып тұрса, өлшеу құралын қолмен қосымша калибрлеуге болады.
- Батареялардың немесе аккумуляторлардың заряды төмен болмағанына немесе таусылмағанына көз жеткізіңіз.
- Өлшеу құралын өшіріңіз.
- Өлшеу құралының айналасынан көрсетілуі мүмкін барлық нысандарды (сондай-ақ қол сағатын немесе металл сақиналарды) алып тастаңыз.
Өлшеу құралын, оның артқы жағы жерге қарап тұратындай, көлденеңінен көтеріп ұстаңыз. - Калибрлеу режиміне өту үшін қосу/өшіру түймесін (7) және дыбыстық сигнал түймесін (6) бір уақытта басыңыз. Екі түймені де, жарық сақинасы (2) қызыл түспен жыпылықтағанша (шамамен 5–10 секунд) басып тұрыңыз.
- Жаңадан калибрлеуді бастау үшін дыбыстық сигнал түймесін (6), жарық сақинасы (2) қызыл түспен жанғанша (шамамен 5–10 секунд) басып тұрыңыз.
- Егер калибрлеу сәтті аяқталса, өлшеу құралы бірнеше секундтан кейін автоматты түрде іске қосылып, жұмыс істеуге дайын болады.
Нұсқау: өлшеу құралы автоматты түрде іске қосылмаса, қосымша калибрлеу әрекетін қайталаңыз. Өлшеу құралы сонда да іске қосылмаса, оны өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.