Негізгі реттеулерді тексеру және реттеу

Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет болады.

Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
  • Ара дискісінің 0° шамасындағы тік еңіс бұрышын реттеңіз.
  • Қорғаныш қаптаманы (3) алып тастаңыз.

Тексеру (J1 суретін қараңыз)

Бұрыштық калибрдің бір жағы бүтін ұзындығымен ара дискісінде (26) жатуы керек.

Реттеу (J2 суретін қараңыз)

  • Бұранданы (58) босатыңыз. Осылайша 0° тіректі (22) жылжытуға болады.
  • Бекіткіш иінтіректі (20) босатыңыз.
  • Сермерді (14) бұрыштық калибрдің иіні ара дискісімен бүкіл ұзыдығы бойынша бірге тұрғанша 0° тірекке қарай жылжытыңыз.
  • Сермерді осы күйде ұстап тұрып, бекіткіш иінтіректі (20) қайтадан бекітіңіз.
  • Бұранданы (58) қайтадан бұрап бекітіңіз.
  • Үстел ендірмесін (25) қайтадан монтаждаңыз қараңыз Үстел ендірмесін монтаждау (c суретін қараңыз).

Егер бұрыш индикаторы (21) реттегеннен кейін шкаланың (19) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса, бұранданы (59) стандартты крест ойықты бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.

Жоғарыдағы жұмыс қадамдарын 45° шамасындағы тік еңіс бұрышы үшін сәйкесінше қайталаңыз (бұранданы (60) босату; 45° тіректі (18) жылжыту). Бұл ретте бұрыш индикаторын (21) қайтадан реттеу мүмкін емес.

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
  • Қорғаныш қаптаманы (3) алып тастаңыз.

Тексеру

  • Қарындашпен үстел ендірмесі арқылы артта көрінетін бірінші сол жақ ара тісін белгілеңіз.
  • Бұрыштық калибрді 90° шамасына реттеп, оны бағыттауыш ойықтың (30) шетіне қойыңыз.
  • Бұрыштық калибр иінін белгіленген ара тісіне тигенше жылжытыңыз да, ара дискісі мен бағыттауыш ойық арақашықтығын оқып алыңыз.
  • Ара дискісін белгіленген тіс үстел ендірмесінің алдында тұрғанша бұраңыз.
  • Бұрыштық калибрді бағыттауыш ойық бойымен белгіленген ара тісіне дейін жылжытыңыз.
  • Ара дискісі мен бағыттауыш ойық арақашықтығын өлшеңіз.

Өлшенген арақашықтықтардың екеуі де бірдей болуы тиіс.

Реттеу

  • Аралау үстелінің астындағы алдыңғы ішкі алты қырлы бұрандаларды (61) және аралау үстелінің астындағы артқы ішкі алты қырлы бұрандаларды (62) жеткізілім жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен (10) босатыңыз.
  • Ара дискісін бағыттауыш ойықпен (30) параллель тұрғанша мұқият жылжытыңыз.
  • Барлық (61) және (62) бұрандаларын қайтадан берік бекітіңіз.

  • Параллель тіректі ара дискісінің оң жағында орналастырыңыз.
    Параллель тіректі шкала индикаторындағы (56) таңбалама астыңғы шкалада 29 см көрсеткенше жылжытыңыз.
    Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (41) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
  • Қысқыш тұтқаны (13) толығымен жоғары қарай тартып, аралау үстелінің кеңейтімін (6) тірелгенше сыртқа қарай тартыңыз.

Тексеру

Арақашықтық индикаторы (57) жоғарғы шкалада (1) төменгі шкаладағы (1) шкала индикаторындағы (56) таңбаламамен бірдей мәнді көрсетуі тиіс.

Реттеу

  • Аралау үстелінің кеңейтімін (6) тірелгенше сыртқа тартыңыз.
  • Бұранданы (63) крест ойықты бұрауышпен босатып, арақашықтық индикаторын (57) жоғарғы шкаланың (1) 29 cм белгісінің бойымен туралаңыз.

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
  • Қорғаныш қаптаманы (3) алып тастаңыз.
  • Параллель тіректің қысқыш тұтқасын (41) босатып, ара дискісіне тигенше жылжытыңыз.

Тексеру

Параллель тірек (5) ара дискісіне бүкіл ұзындығы бойынша тиіп тұруы керек.

Реттеу

  • Ішкі алты қырлы бұрандаларды (64) жеткізілім жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен (10) босатыңыз.
  • Параллель тіректі (5) бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісіне тигенше мұқият жылжытыңыз.
  • Параллель тіректі осы күйде ұстап тұрып, қысқыш тұтқаны (41) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
  • Ішкі алты қырлы бұрандаларды (64) қайтадан берік бекітіңіз.

Параллель тіректің (5) икемділігі жиі пайдаланғаннан нашарлауы мүмкін.

  • Реттегіш бұранданы (24) параллель тіректі аралау үстелінде қайтадан бекіту мүмкін болғанша тартыңыз.

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
  • Қорғаныш қаптаманы (3) алып тастаңыз.
  • Параллель тіректі (5) ара дискісіне тигенше оң жақтан жылжытыңыз.

Тексеру

Шкала индикаторының (56) таңбаламасы шкаланың (1) 0 мм таңбаламасымен бір сызықта болуы керек.

Реттеу

  • Бұранданы (65) жеткізілім жиынтығындағы крест ойықты бұрауышпен босатып, белгіні 0 мм белгісімен туралаңыз.

Тексеру

Үстел ендірмесінің (25) алдыңғы жағы аралау үстеліне нық немесе одан сәл төмен болуы керек, ал артқы жағы аралау үстелінен сәл жоғары болуы керек.

Реттеу

  • Шеңберлік кілттің (9) ұштығымен реттегіш бұрандалардың (66) тиісті деңгейін реттеп шығыңыз.