Қосалқы тұтқа (A суретін қараңыз)

Қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс күйіне қол жеткізу үшін қосымша тұтқаны (7) кез келген жаққа қайыруға болады.

Қосымша тұтқаның (7) астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (7) қалаулы күйге қайырыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның (7) астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.

Бұрғылау тереңдігін реттеу (A суретін қараңыз)

Тереңдік шектегішімен (8) қажетті бұрғылау тереңдігін X реттеуге болады.

Қосымша тұтқаның (7) астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, тереңдік шектегішін (8) орнатыңыз.

Тереңдік шектегішін (8), бұрғы ұштығы мен тереңдік шектегіші (8) ұшының арасындағы қашықтық қажетті X бұрғылау тереңдігіне сәйкес келетіндей, тартыңыз.

Содан кейін қосымша тұтқаның (7) астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.

Тереңдік шектегішіндегі (8) бұдырлану жоғары қарап тұруы тиіс.