Іске қосу

Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу тогын күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен жабдықталмаған электр генераторларынан қуат алса, қосу кезінде қуат төмендеуі немесе электр құралы әдеттен тыс әрекет етуі мүмкін.

Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін жарамдылығын тексеріңіз.

Қосу/өшіру

Бұғаттау тетігі бар ауыстырып-қосқыш нұсқасы

Электр құралын іске қосу үшін алдымен ажыратқышты (3) басыңыз ➊, содан кейін оны алға қарай жылжытыңыз ➋. Сонан соң оны басып, ұстап тұрыңыз ➌.

Басылған ажыратқышты (3) бұғаттау үшін ажыратқышты (3) одан әрі алға жылжытыңыз ➍.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (3) жіберіңіз немесе ол бұғатталған болса, ажыратқышты (3) қысқаша басып, содан кейін жіберіңіз.

Бұғаттау тетігі жоқ ауыстырып-қосқыш нұсқасы

Электр құралын іске қосу үшін алдымен ажыратқышты (3) басыңыз ➊, содан кейін оны алға қарай жылжытыңыз ➋. Сонан соң оны басып, ұстап тұрыңыз ➌.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (3) жіберіңіз.