Іске қосу
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу тогын күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен жабдықталмаған электр генераторларынан қуат алса, қосу кезінде қуат төмендеуі немесе электр құралы әдеттен тыс әрекет етуі мүмкін.
Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін жарамдылығын тексеріңіз.
- Құрылғыны оқшауланған қысқыш беті мен қосымша қысқыш арқылы ұстаңыз. Алмалы-салмалы аспап жасырын тоқ сымдарына немесе өз желі кабеліне тиюі мүмкін. Тоқ өтетін сымға тию металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып келуі мүмкін.
Қосу/өшіру
Бекіткіші бар ауыстырып-қосқыш нұсқасы
Электр құралын іске қосу үшін алдымен ажыратқышты (2) басыңыз ➊, содан кейін оны алға қарай жылжытыңыз ➋. Сонан соң оны басып, ұстап тұрыңыз ➌.
Басылған ажыратқышты (2) бұғаттау үшін ажыратқышты (2) одан әрі алға жылжытыңыз ➍.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (2) жіберіңіз немесе ол бұғатталған болса, ажыратқышты (2) қысқаша басып, содан кейін жіберіңіз.
Бекіткіші жоқ ауыстырып-қосқыш нұсқасы
Электр құралын іске қосу үшін алдымен ажыратқышты (2) басыңыз ➊, содан кейін оны алға қарай жылжытыңыз ➋. Сонан соң оны басып, ұстап тұрыңыз ➌.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (2) жіберіңіз.
- Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін ажарлау құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.