Пайдалану бойынша нұсқаулар
Тереңдік шектегішімен (14) қажетті бұрғылау тереңдігін X реттеуге болады.
- Тереңдік шектегішін реттеу түймесін (12) басып, тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (13) орнатыңыз.
Тереңдік шектегішінің (14) бұдыр жағы төмен қарап тұруы қажет. - SDS plus алмалы-салмалы аспабын SDS plus құрал бекіткішіне (3) тірелгенше жылжытыңыз. Әйтпесе SDS plus құралының жылжу әрекеттері қате бұрғылау тереңдігінің орнатылуына әкелуі мүмкін.
- Тереңдік шектегішін бұрғы ұштығымен тереңдік шектегіші ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X сәйкес келгенше тартыңыз.
Жылдам өшіру (KickBack Control) электр құралын жақсырақ бақылауға көмектеседі және осылайша KickBack Control құралынсыз электр құралдарымен салыстырғанда пайдаланушы қорғанысын да күшейтеді. Электр құралы бұрғы осі бойынша кездейсоқ және күтілмеген ретте айналса, электр құралы өшеді. |
- Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (9) жіберіп, содан кейін екі рет басыңыз.
- Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін.
Бұрауыш биттерді пайдалану үшін SDS plus бекіткіш білігі (керек-жарақ) бар әмбебап ұстағыш (22) қажет болады.
- Бекіткіш біліктің жалғанатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
- Айналмалы әмбебап ұстағышты құрал бекіткішіне автоматты түрде бекітілгенше салыңыз.
- Әмбебап ұстағышты тартып, бекітілуді тексеріңіз.
- Әмбебап ұстағышқа бұрауыш битті салыңыз. Тек бұранданың бастиегі үшін жарамды бұрауыш биттерді пайдаланыңыз.
- Әмбебап ұстағышты алып тастау үшін құлыптау төлкесін (5) артқа жылжытып, әмбебап ұстағышты (22) құрал бекіткішінен шығарып алыңыз.