Мақсаты бойынша қолдану
Бұл электр құралы кірпіш, бетон және тастарды перфораторлық бұрғылауға, алмас орнатылған бұрғымен кірпіш пен силикат кірпішті құрғақ бұрғылауға (шайылатын бұрғылауға жарамды емес) сондай-ақ, ағаш, металл, керамика және пластмассаны бұрғылауға арналған. Электрондық басқару жүйесі бар және оңға/солға айналатын құрылғылар бұрғылауға және бұранда кесуге де жарамды.