Пайдалануға ендіру
- Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты электр құралының зауыттық тақтайшасындағы мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс істеуге болады.
Айналу бағытын орнату
- Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) электр құралы тоқтатылып тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (5) көмегімен электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады.
Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) тірелгенше төмен (R) жылжытыңыз.
Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) тірелгенше жоғары (L) жылжытыңыз.
Қосу/өшіру
Іске қосу үшін ажыратқышты (4) басып тұрыңыз.
Өшіру үшін ажыратқышты (4) жіберіңіз.