Белгілер
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағынасы | |
---|---|
Электр құралы айналып тұрғанда, аралау аймағына қол сұқпаңыз. Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін тудырады. | |
Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз. | |
Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін. | |
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз. | |
3 601 M42 001 3 601 M42 0B1 | Ара дискісінің өлшемдеріне назар аударыңыз. Саңылау диаметрі аспап шпинделіне бос қуыссыз сәйкес келуі тиіс. Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану керек болса, жалғастырғыш тетік өлшемдері ара дискісінің қалыңдығына және саңылаулардың диаметріне және аспап шпинделінің диаметріне сәйкес болғанына көз жеткізіңіз. Ара дискісімен жеткізілген жалғастырғыш тетіктерді пайдаланыңыз. Ара дискісінің диаметрі белгідегі дерекке сәйкес келуі тиіс. |
a Ара дискісінің диаметрі ең көбі 216 мм болуы тиіс. b Ара дискісін алмастыру кезінде кесік ені 2,3 мм-ден кем болмағанына және ара дискісінің қалыңдығы 2,1 мм-ден артық болмағанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе сына дайындамаға ілінуі мүмкін. c Сынаның қалыңдығы 2,2 мм құрайды. d Тістердің кесу бағыты (ара дискісінің көрсеткі бағыты) сынадағы көрсеткі бағытына сай болуы тиіс. | |
Сынаның қалыңдығы 2,2 мм құрайды. Максималды ықтимал дайындама биіктігі 70 мм құрайды. | |
Сол жағы: Оң жағы: | |
II қорғаныс класындағы электр құралдары нығайтылған немесе қос оқшауланған. | |
Өндіруші CE белгісі арқылы электр құралының қолданыстағы ЕU директиваларына сәйкес келетіндігін растайды. |