Металл кескіш араларға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары

Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.

Кері соққы және тиісті·ескерту нұсқамалары

Кері соққы ілініп қалған немесе бұғатталып айналған ара дискісінен пайда болатын кенет реакция болып табылады. Ілініп қалу немесе бұғатталу айналып тұрған алмалы-салмалы аспаптың кенет тоқтап қалуына әкеледі. Нәтижесінде бақыланбайтын абразивті кескіш агрегат пайдаланушыға қарай жоғары үдейді.

Ара дискісі дайындамада тұрып қалса немесе бұғатталса, дайындамаға батып қалған ара дискісінің жиегі қысылып қалуы және нәтижесінде ара дискісінің дайындамадан ыршуына немесе кері соққыға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда да ара дискілері сынуы мүмкін.

Кері соққы электр құралын дұрыс пайдаланбаудан немесе пайдаланушының қателігінен пайда болады. Мұны төменде сипатталғандай тиісті сақтық шараларын қолдану арқылы болдырмауға болады.