Ара дискісін алмастыру (c1−c4 суреттерін қараңыз)
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
- Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Бұғаттау бұрандасын (41) тарту механизмі (42) еркін асылып тұрғанша қолмен бұрап орнатыңыз.
- Бекіткіш бұранданы (43) (шам. 2 айналым) алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (16) босатыңыз.
Бұранданы толық бұрап шығармаңыз. - Бекіткіш бұранданы (44) (шам. 6 айналым) алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (16) босатыңыз.
Бұранданы толық бұрап шығармаңыз. - Қаптама тақтаны (45) бекіткіш бұрандадан (44) алға және төменге тартып алыңыз.
- Маятниктік қорғаныш қаптаманы (4) артқа қайырып, маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
- Тарту механизмін (42) саңылауын бекіткіш бұрандаға (44) қаратып іліңіз.
Осылай тербелуден сақтау қаптамасы ашық күйде сақталады. - Ішкі алты қырлы бұранданы (47) алты қырлы дөңбек кілтпен ( мм) (16) бұрап, дәл сол мезетте шпиндель бекіткішін (46) тірелгенше басыңыз.
- Шпиндель бекіткішін (46) басып тұрып, ішкі алты қырлы бұранданы (47) сағат тілінің бағытымен бұрап шығарыңыз (сол жақ ойма!).
- Қысқыш фланецті (48) алып тастаңыз.
- Ара дискісін (39) шығарыңыз.
Аралау дискісін орнату
- Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
Керек болса барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
- Жаңа аралау дискісін қысқыш фланецке (49) орнатыңыз.
- Қысқыш фланец (48) пен ішкі алты қырлы дөңбек бұрандаманы (47) орнатыңыз. Шпиндель бұғаттауын (46) тірелгенше басып алты қырлы дөңбек бұрандаманы сағат тіліне қарсы бұрап бекітіңіз.
- Тарту механизмін (42) бекіткіш бұрандадан (44) босатып тербелуден сақтау қаптамасын (4) төменге қайта апарыңыз.
- Қаптама тақтаны (45) қайта бекіткіш бұрандама (44) астына жылжытып қойыңыз.
- Бекіту бұрандаларын (44) мен (43) қайта тартып бекітіңіз.
- Тарту механизмін (42) алғашқы күйіне жылжытып бұғаттау бұрандамасын (41) қолмен қайта тартып қойыңыз.