Ылғал шаңсору
- Шаңсорғышпен бензин, май, спирт, еріткіштер сияқты жанғыш немесе жарылғыш сұйықтықтарды соруға болмайды. Ыстық, жанып тұрған немесе жарылғыш шаңды соруға болмайды. Шаңсорғышты жарылу қаупі бар жайларда пайдалануға болмайды. Шаң, бу немесе сұйықтықтар тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
- Шаңсорғышты сорғы ретінде пайдалануға болмайды. Шаңсорғыш ауа және су қоспасын соруға арналған.
Нұсқау: Ылғалды соруда бас сүзгі (19) сорғыштан алынғанына көз жеткізіңіз.
Ылғал шаңсору алдындаңы жұмыс қадамдары
- Құлыптарды (8) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін (7) ашыңыз.
- Сүзгі ұстағышын (29) тірелгенше бұрау бағытында бұрап сүзгі ұстағышын бас сүзгімен (19) сорғыш жоғарғы бөлігін (7) алыңыз.
- Керек болса, (18) пластик қабын немесе шаң қабын алып тастаңыз.
- Ылғалды сүзгіні (20) сүзгі қорабынан (30) қайырып қойыңыз.
- Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (7) орнатып құлыптарды (8) жабыңыз.
- Резеңке жиегін (22) едендік қондырмаға (24) салыңыз.
Сұйықтықтарды сорып алу
- Шаңсорғышты қосыңыз (GAS 15: ажыратқышты (4) "Қосулы" күйінде; GAS 15 PS: жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (4) "Сору" белгісінде).
Шаңсорғыш қалтқымен жабдықталған. Максималды толтыру биіктігіне жеткен кезде, сору тоқтатылады.
- Ажыратқышты (4) "Өшірулі" күйіне (GAS 15) немесе жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (4) "Өшіру" белгісіне (GAS 15 PS) орнатыңыз.
- Контейнерді (1) босатыңыз.
Ылғалды шаң сорғаннан кейін зең басудың алдын алу үшін:
- Сорғыштың жоғарғы бөлігін (7) алып тастаңыз және жақсылап кептіріңіз.
- Ылғалды сүзгіні (20) шығарып алыңыз және қажетінше жақсылап кептіріңіз.