Жұмыс құралын ауыстыру
Бұрғылау патронының көмегімен SDS plus алмалы-салмалы аспаптарын, цилиндрлік және алты қырлы алмалы-салмалы аспаптарды қосымша құралдарды пайдаланбай және бұрғылау патронын алмастырмай оңай әрі қолайлы пайдалануға болады.
Шаңнан қорғайтын қақпақ (3) жұмыс кезіндегі бұрғылау шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді. Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың (3) зақымдалмағанын тексеріңіз.
- Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету шеберханасында орындау ұсынылады.
Құралды алмастыру (SDS plus)
SDS plus алмалы салмалы аспабын енгізу (B1−B2 суреттерін қараңыз)
- Бұрғылау патронының артқы гильзасын (5) бір қолмен мықтап ұстап тұрыңыз. Басқа қолмен алдыңғы гильзаны (4) бұрау арқылы құрал бекіткішін толықтай ашыңыз.
- SDS plus алмалы-салмалы аспабының жалғанатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
- SDS plus алмалы-салмалы аспабын, ол құрал бекіткішіне автоматты түрде бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
- Құралды тарту арқылы оның бекітілуін тексеріп шығыңыз.
SDS plus алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан еркін қозғалады. Сол себептен бос жүріс күйінде радиалды ауытқу пайда болады. Бұл саңылаудың дәлдігіне әсер етпейді, себебі бұрғылау кезінде бұрғы өз бетімен ортаға келтіріледі.
SDS plus алмалы-салмалы аспабын шығару (B3 суретін қараңыз)
- Артқы гильзаны (5) артқа қарай жылжытып, SDS plus алмалы-салмалы аспабын шығарыңыз.
Құралды алмалстыру (цилиндрлік білік, алты қырлы)
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (C1 суретін қараңыз)
Нұсқау: SDS plus жоқ құралдарды соққымен бұрғылау немесе қашау үшін пайдаланбаңыз! SDS plus жоқ құралдар және олардың бұрғылау патроны соққымен бұрғылау және қашау кезінде зақымдалады.
Нұсқау: цилиндрлік білігі немесе алты қырлы білігі бар құралдарды "Бұрғылау" жұмыс режимінде ғана пайдаланыңыз.
- Электр құралын қосу арқылы бұрғылау патронын жаппаңыз. Бұрғы лақтырылуы мүмкін, жарақат алу қаупі бар.
Нұсқау: тек 6 және 10 мм аралығындағы диаметрге ие цилиндрлік білігі немесе алты қырлы білігі бар құралдарды пайдаланыңыз.
- Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (8) "Бұрғылау" күйіне бұраңыз.
- Бұрғылау патронының артқы гильзасын (5) бір қолмен мықтап ұстап тұрыңыз. Басқа қолмен алдыңғы гильзаны (4) алмалы-салмалы аспап енгізілгенше бұрау арқылы құрал бекіткішін ашыңыз.
- Цилиндрлік немесе алты қырлы алмалы-салмалы аспапты бұрғылау патронына енгізіңіз.
- Артқы гильзаны (5) бір қолмен ұстап тұрып, басқа қолмен алдыңғы гильзаны (4), шерту дыбысы естілгенше, көрсеткі бағытымен мықтап бұраңыз.
- Құралдың берік бекітілгенін тарту арқылы тексеріңіз.
Электр құралы өшірілген кезде ғана алмалы-салмалы аспапты енгізіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (C2 суретін қараңыз)
- Бұрғылау патронының артқы гильзасын (5) бір қолмен мықтап ұстап тұрыңыз. Басқа қолмен алдыңғы гильзаны (4) алмалы-салмалы аспап шығарылғанша көрсеткі бағытымен бұрау арқылы құрал бекіткішін ашыңыз.
- Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.
- Электр құралын қосу арқылы бұрғылау патронын ашпаңыз. Бұрғы лақтырылуы мүмкін, жарақат алу қаупі бар.