Қолданысқа енгізу

  • Электр құралын орналастырып бекітіңіз.
  • Электр құралын іске қосу үшін қозғалтқыш ажыратқышын (9) "I" күйіне басыңыз.

Нұсқау: электр құралын магнит алдын ала қосылған болса ғана қосуға болады.

  • Электр құралын өшіру үшін қозғалтқыш ажыратқышын (9) "0" күйіне басыңыз.
  • Электр құралы толық тоқтағанша күтіңіз.
  • Магнитті өшіру үшін магнит ажыратқышын (20) төмен қарай басыңыз.

Қайта іске қосылудан қорғаныс ток берілуі үзілгеннен кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол бермейді.

  • Қайта іске қосу үшін қозғалтқыш ажыратқышын (9) "I" күйіне басыңыз.

Нұсқау: ток берілуі қалпына келсе, жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (15) RESET түймесін басыңыз. Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (15) индикатор (16) қызыл түспен жанған соң магнит автоматты түрде қосылады.

Электр құралы артық жүктемеден қорғаныспен жабдықталған. Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына артық жүктеме түспейді. Тым қатты жүктеме түскен жағдайда, электр құралының электроникасы өшіп қалады. Магнит белсенді күйде қалады.

  • Электр құралын кейін қайта іске қосу үшін қозғалтқыш ажыратқышын (9) "I" күйіне басыңыз.

Электр құралымен қайтадан жұмыс істемес бұрын төмендегі қадамдарды орындаңыз:

  • Бітелуі мүмкін жерлерді тазартыңыз. Алмалы-салмалы аспап қысылса, солға айналу функциясын пайдалануға болмайды.
  • Электр құралын шамамен 1 минут ішінде жұмыс істетіңіз де, ол қайтадан пайдалануға дайын болады.

Артық жүктеме индикаторы

Артық жүктеме индикаторы (6) қосылған электр құралына артық жүктеме түскенін көрсетеді.

Артық жүктеме индикаторы (6)

Артық жүктеме

Үздіксіз жарық, жасыл

артық жүктеме жоқ

Үздіксіз жарық, сары

ауыр жүктеме

  • беріліс жылдамдығын азайтыңыз

Жыпылықтайтын жарық, қызыл

өте ауыр жүктеме

  • беріліс жылдамдығын азайтыңыз немесе қозғалтқышты өшіріңіз, әйтпесе артық жүктемеден қорғаныс іске қосылады