Өлшеу функциялары
- түймесін, (1) дисплейінің (g) жолағында ұзындықты өлшеу индикациясы пайда болғанша басыңыз.
- Лазерді қосу үшін түймесін қысқаша басыңыз.
- Өлшеуді іске қосу үшін түймесін басыңыз.
- Өлшеу мәні нәтижелер жолағында (e) көрсетіледі.
- Жоғарыда көрсетілген қадамдарды әр кейінгі өлшеу үшін қайталаңыз.
Бірнеше ұзындықты өлшеу әрекеті бірінен кейін бірі орындалған жағдайда, соңғы өлшеу әрекеттерінің нәтижелері өлшеу мәндерінің жолақтарында (d) көрсетіледі. Соңғы өлшеу мәні дисплейдің астыңғы жағында тұрады, соңғының алдындағы өлшеу мәні жоғарысында тұрады және т.с.с.
- түймесін, (1) дисплейінің (g) жолағында ауданды өлшеу индикациясы пайда болғанша басыңыз.
- Лазерді қосу үшін түймесін қысқаша басыңыз.
- Бірінші өлшеу әрекетін іске қосу үшін (мысалы, бөлменің ұзындығы) түймесін басыңыз.
- Екінші өлшеу әрекетін іске қосу үшін (мысалы, бөлменің ені) түймесін басыңыз.
Екінші өлшеуді аяқтағаннан кейін, жазықтық автоматты түрде есептеліп көрсетіледі. Нәтиже нәтижелер жолағында (e) көрсетіледі. Бөлек өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің жолақтарында (d) тұрады.
Ұзақтықты өлшеу кезінде, өлшеу мәні үздіксіз жаңартылып тұрады. Мысалы, қабырғадан қажетті қашықтыққа дейін алыстауға болады, ағымдағы қашықтық әрдайым көрінеді.
- түймесін, (1) дисплейінің (g) жолағында ұзақтықты өлшеу индикациясы пайда болғанша басыңыз.
- Лазерді қосу үшін түймесін қысқаша басыңыз.
- Өлшеу құралын, қажетті қашықтық нәтижелер жолағында (e) көрсетілгенше жылжытыңыз.
- түймесін қысқаша басу арқылы ұзақтықты өлшеу функциясын тоқтатуға болады.
- Нәтижелер жолағында (e) ағымдағы өлшеу мәні көрсетіледі.
- Ұзақтықты өлшеу әрекетін жалғастыру үшін түймесін қайта басыңыз.
Ұзақтықты өлшеу 5 минуттан кейін автоматты түрде өшеді.
- түймесін, (1) дисплейінің (g) жолағында ауданды өлшеу индикациясы пайда болғанша басыңыз.
- Лазерді қосу үшін түймесін қысқаша басыңыз.
- Бірінші өлшеу әрекетін іске қосу үшін (мысалы, бөлменің ұзындығы) түймесін басыңыз.
- Екінші өлшеу әрекетін іске қосу үшін (мысалы, бөлменің ені) түймесін басыңыз.
- Үшінші өлшеу әрекетін іске қосу үшін (мысалы, бөлменің биіктігі) түймесін басыңыз.
Үшінші өлшеуді аяқтағаннан кейін, көлем автоматты түрде есептеліп көрсетіледі. Нәтиже нәтижелер жолағында (e) көрсетіледі. Бөлек өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің жолақтарында (d) тұрады.
Жанама қашықтықты өлшеу функциясы сәуле жолында кедергі болғанда немесе қайтарғыш ретінде мақсатты жазықтық қолжетімді болмағанда, тікелей өлшенбейтін қашықтықтарды өлшеу үшін қолданылады. Бұл өлшеу процесін тек тік бағытта пайдалануға болады. Көлденең бағыттағы әр ауытқу өлшеу қателіктерін тудырады.
Жанама қашықтықты өлшеудің дәлдігі әрдайым тікелей қашықтықты өлшеуден төменірек болады. Пайдалану жағдайына байланысты өлшеу қателіктері тікелей қашықтықты өлшеу қателіктерінен үлкен болуы мүмкін. Өлшеу дәлдігін жақсарту үшін өлшеу құралын берік тіреу немесе жанасу бетіне қоюға кеңес беріледі.
Өлшеу әрекеттерінің арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады.
Жанама биіктікті өлшеу
Жанама биіктікті өлшеу функциясының көмегімен AB қашықтығын анықтауға болады, ол үшін 1 және 2 қашықтықтары өлшенеді. Өлшеу құралы ізделетін AB биіктігін 1 және 2 қашықтықтарынан есептейді.
Дұрыс нәтижелерге тек өлшеуге талап етілетін тік бұрыш дәл сақталғанда ғана қол жеткізуге болады (Пифагор теоремасы).
- түймесін, дисплейінің жолағында жанама биіктікті өлшеу индикациясы пайда болғанша басыңыз.
- Лазерді қосу үшін түймесін қысқаша басыңыз.
- Өлшеу құралын астыңғы B өлшеу нүктесінің биіктігі бойынша орналастырыңыз.
- 1-қашықтықты өлшеу үшін түймесін басыңыз.
- Өлшеу құралын, лазер жоғарғы A өлшеу нүктесімен тураланатындай аударыңыз.
- 2-қашықтықты өлшеу әрекетін іске қосу үшін түймесін басыңыз.
Екінші өлшеу әрекетін аяқтағаннан кейін, биіктік автоматты түрде есептеліп, нәтижелер жолағында (e) көрсетіледі. 1 және 2 қашықтықтары бойынша өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің жолақтарында (d) орналасқан.