Кесу тереңдігін орнату
Бұрама түймемен (19) фрезерлеу тереңдігін белгілеу мүмкін. Бұрама түймеде алты жаплақ дюбель өлшемдері үшін тірелу биіктіктері бар.
Тірелу биіктіктерінің жалпақ дюбель мен фрезерлеу тереңдіктеріне сәйкестігі:
Тірелу биіктігі | Жалпақ дюбель | Фрезерлеу тереңдігі ммA) |
---|---|---|
0 | № 0 | 8 |
10 | № 10 | 10 |
20 | № 20 | 12,3 |
S | Simplex | 13 |
D | Duplex | 14,7 |
MAX | – | 22 |
- A)
Диаметрі 105 мм тегерікті жонғышпен қол жеткізілді
Фрезерлеу тереңдігін шектегіш орташа мәнге орнатылған. Ұйғарынды ауытқу мәндері бойынша, қайта қайралған дискілі фрезаларды немесе диаметрі кішірек (< 105 мм) дискілі фрезаларды пайдаланған кезде, фрезерлеу тереңдігін қосымша баптау қажет болуы мүмкін. Ол үшін бекіткіш сомынды (20) босатыңыз. Баптау бұрандасын (21) сағат тілінің бағытымен бұрау арқылы фрезерлеу тереңдігін қысқартуға немесе сағат тілінің бағытына қарсы бұрау арқылы ұзартуға болады. Реттелген фрезерлеу тереңдігін сынақты фрезерлеу арқылы тексеріңіз. Сонан соң бекіткіш сомынды (20) қайтадан бұрап бекітіңіз.