Пайдалану бойынша нұсқаулар

Жұмыс істегенде бір қолмен қолтұтқаны (1), ал басқа қолмен қосымша тұтқаны (15) ұстаңыз.

Фрезерлеу процесін біркелкі алға жылжыту арқылы орындаңыз.

Вертикалды орта белгі (11) бұрыштық пен биіктік тірегіште фрезерлеу ортасын көрсетеді (дискілі фрезаға тік ретте). Фрезерлеудің максималды ені екі белгі (10) арқылы биіктігі реттелетін тірегіште (9) көрсетіледі.

Биіктікті реттеуде дискілі фрезаның горизонталды ортасын көрсететін тірек тақтадағы горизонталды орталық белгісі (6) көмектеседі.

Электр құрал корпусындағы көрсеткі (13) дискілі фреза айланыс бағытын көрсетеді.

Төмендегі жалғау мысалдарын графикалық беттерде табасыз:

  • Бұрыштық жалғау: бұрыштық тірекпен C суретін, биіктігі реттелетін тірегішпен D суретін қараңыз
  • Қиғашынан жалғау: бұрыштық тірекпен E суретін, биіктігі реттелетін тірегішпен F суретін қараңыз
  • Ұзындық және көлденең жалғаулар: бұрыштық тірекпен G суретін, биіктігі реттелетін тірегішпен H суретін қараңыз
  • Жақтаулы жалғау: I суретін қараңыз
  • Орталық қабырғалық жалғау: J суретін қараңыз

Сенімді жалғау үшін ең үлкен жалпақ дюбельді таңдаңыз (пластиналар). Bosch жабдықтар бағдарламасында тиісті жалпақ дюбельдерді ұсынады (пайдалану нұсқаулығының соңында жабдықтар бетін қараңыз).

Қалындығы 16 мм-ден кем дайындамаларда қондырма тақтаны (17) бұрыштық тірегішке (18) қойыңыз. Осылай ойық дайындама жоғарғы жағына тым жақын болмауы қамтамасыз етіледі. Көлденең жонғылау күйін есептеуде қондырма тақтаның қалыңдығын ескеріңіз.

Қондырма тақтаны (17) жұқа дайындамалардағы еңістік жалғасуларда да ойық тым терең болмауы үшін пайдалану мүмкін.

Жіңішке дайындамаларды фрезерлеуде мүмкіншілік бойынша биіктігі реттелетін тірегішті (9) пайдаланыңыз. Онда тұрған максималды фрезерлеу енінің (10) белгілері дайындама ішінде жатқанын ескеріңіз.