Пайдалануға ендіру
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
- Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (5) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (7) басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (5) сол жағынан төмен жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан жоғары қарай жылжытыңыз.
Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (5) сол жағынан жоғары қарай жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан төмен қарай жылжытыңыз.
- Берілісті таңдау ауыстырып-қосқышын (9) электр құрылғысы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (9) арқылы 2 айналу жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
I беріліс:
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау диаметрімен бұрау немесе жұмыс істеу үшін.
II беріліс:
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау диаметрімен жұмыс істеу үшін.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (9) тірелгенше бұралмаса, редуктор шпинделін бұрғымен айналдырыңыз.