Желдеткіш бойынша қауіпсіздік нұсқаулары
- Денсаулыққа зиянды заттектерді, мысалы, шамшат немесе емен шаңын, тас шаңын, асбестті үрлеп шығармаңыз. Бұл заттектер канцерогенді болып табылады.
- Сұйықтықтарды үрлеп шығармаңыз. Сұйықтықтардың кіруі ток соғу қаупін арттырады.
- Өнімнен лақтырылып шығарылған бөгде заттар жақын маңдағы адамдарға жарақат тигізбегенін қадағалаңыз.
- Жұмыс барысында саусағыңызды электр құралының саңылауларынан алшақ ұстаңыз. Ауа үрлегішті тек орнатылған саптамамен бірге пайдаланыңыз. Айналатын ауа үрлегіш сізге жарақат тигізуі мүмкін.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- Балаларға электр құралын бақылаусыз пайдалануға рұқсат етуге болмайды. Балалар жарақаттануы мүмкін.
Қорғайтын көзілдірік және тыныс жолдарын қорғайтын маска сияқты жеке қорғаныс жабдығын тағып жүріңіз. Белгілі бір жағдайларда қорғаныс жабдығын тағып жүру қауіпті заттектердің тию қаупін азайтады.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |