Ауа үрлегіш керек-жарақтарын орнату (A1−A3 суреттерін қараңыз)
- Электр құралын тазалау не оған техникалық қызмет көрсету, құрылғы реттеулерін орындау, керек-жарақтарын ауыстыру немесе сақтау алдында аккумуляторды шығарып алыңыз. Осы сақтық шарасы электр құралының кенет іске қосылуына жол бермейді.
Ауа үрлегіш керек-жарақтарының әртүрлі элементтерін тіркестіру мүмкіндіктерін суреттен қараңыз.
- Керек-жарақтың байонеттік құлпын (12) қозғалтқыш корпусының саңылауларына (8) немесе ұзартқыш құбырдың (9) саңылауларына (8) енгізіңіз.
- Байонеттік құлыпты сағат тілінің бағытымен ширек айналымға бұраңыз.
Шаң жинағыш құбырды орнату
Саңылауларды үрлеп тазартқан кезде, бұрғылау қалдықтары пайдаланушыға қарай үрлеп шығарылады. Сондықтан саңылау саптамасының (10) үстінде шаң жинағыш құбырды (11) орнату керек.
- Шаң жинағыш құбырдың (11) саңылауларын (13) саңылау саптамасының (10) сыртқы байонеттік құлпынан (12) жоғары енгізіңіз.
- Шаң жинағыш құбырды (11) сағат тілінің бағытымен ширек айналымға бұраңыз.