Баспақтау процесі (G−I суреттерін қараңыз)
- Бастапқы күйге қайтару түймесін тұтқаны жібермей кез келген уақытта басуға болатындығын ескеріңіз.
Баспақталатын қосылымнан сұйықтық шықса, оның электр құралына тимегеніне немесе кірмегеніне көз жеткізіңіз.
Баспақтау процесін бастау үшін ажыратқышты (2) басып, 1,5 секундтан кейін жұмыс шамы (7) жыпылықтағанша және мәжбүрлі қысу басталғанша ұстап тұрыңыз.
Максималды баспақтау күшіне жеткенде, қозғалтқыш автоматты түрде өшіп қалады. Жұмыс шамы шамамен 10 секундтан кейін сөнеді.
Қысқыштың толықтай жабылғанын тексеріңіз. Баспақтау сәтсіз аяқталса, әрекетті жаңа қысқыш фитингімен қайталаңыз.
Нұсқау: баспақтау процесінің соңында жасыл түспен жанған күй индикаторы (4) және жабық қысқыш тығыз қысылуға кепіл бермейді. Құбыр жүйесінің саңылаусыздығын осыған қарамастан арнайы тексеру құралдарымен сынаңыз.
Электр құралын шығарып алу үшін қысқыштың (1) артқы шеттерін басып ➊, электр құралын қысқыш фитингіден ➋ тартып шығарыңыз (I суретін қараңыз).
Баспақтау процесін ақаулар жағдайында тоқтату:
- Баспақтау процесін мәжбүрлі қысу басталмас бұрын тоқтату: бастапқы күйге қайтару түймесін (6) басып, ажыратқышты (2) жіберіңіз. Бастапқы күйге қайтару түймесін, қозғалтқыш өшкенше басып тұрыңыз. Цилиндр кері қайтарылып, қысқышты ашу мүмкін болады.
- Орындалып жатқан мәжбүрлі қысуды тоқтату: ажыратқышты (2) қайтадан басыңыз. Қозғалтқыш өшіріледі. Содан кейін бастапқы күйге қайтару түймесін (6) басыңыз. Цилиндр кері қайтарылып, қысқышты ашу мүмкін болады.
- Нұсқау: баспақтау процесі тоқтатылған жағдайда, қысу сенімді болмайды. Баспақтау процесін жаңа қысқыш фитингімен қайталаңыз.
Нұсқау: цилиндр баспақтау процесінің соңында кері қайтарылғанда немесе бастапқы күйге қайтару түймесі (6) басылғанда, электр құралын қоспаңыз.