Тағайындалу бойынша қолдану

Электр құралы суды пайдаланбай металл мен тасты кесуге және қылшақпен өңдеуге және металл, пластик пен композиттік материалдарды сыдырып алуға, сондай-ақ тастан жасалған материалдарды алмас бұрғылау коронкаларымен бұрғылауға арналған. Бұл ретте дұрыс қорғаныш қаптаманың пайдаланылғанына көз жеткізіңіз қараңыз Пайдалану.

Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.

Арнайы тегістеу құралдарымен тіркесімде электр құралды егеуқұм қағазымен тегістеу үшін пайдалануға болады.

Электр құралын тастан жасалған материалдарды алмасты тостаған тәрізді дискілермен ажарлау үшін пайдалануға болмайды.