Тік еңіс бұрышын реттеу
Тік еңіс бұрышын 45° (сол жақ) және 0° (оң жақ) аралығындағы диапазонда реттеуге болады.
Жиі қолданылатын тік еңіс бұрыштарын жылдам әрі дәлме-дәл реттеу үшін 0° және 45° бұрыштары үшін берік позициялар қолданылады.
Кез келген тік еңіс бұрышын реттеу (I суретін қараңыз)
- Қысқыш бұранданы (24) босатыңыз.
- Манипуляторды қол тұтқасынан (4), бұрыш индикаторында (30) қажетті тік еңіс бұрышы көрсетілгенше қайырыңыз.
- Манипуляторды осы күйде ұстап, қысқыш бұранданы (24) қайтадан мықтап тартыңыз.