Сорғыш үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
- Бұл шаңсорғыш балалардың, дене немесе ой қабілеттері шектелген, тәжірібесі және білімі аз адамдардың пайдалануына арналмаған. Кері жағдайда дұрыс пайдаланбау және жарақаттанулар қауіпі пайда болады.
- Балаларға абай болыңыз. Балалардың шаңсорғышпен ойнамауына көз жеткізіңіз.
- Сорылатын заттек бойынша қауіпсіздік техникасының барлық ережелерін сақтаңыз.
Асбестік заттектерді сормаңыз. Асбест канцерогенді болып табылады.
Шаңсорғышты пайдалану, соратын заттектер мен оларды дұрыс жою туралы қажетті ақпаратты алғаннан соң ғана шаңсорғышты пайдаланыңыз. Нұсқаулықтарды дәл орындау орынсыз пайдалану мен жарақаттануларды азайтады.
Шаңсорғыш құрғақ заттектерді және тиісті шаралар арқылы сұйықтықтарды да соруға арналған. Сұйықтықтар тиюі тоқ соғу қаупін арттырады.
- Шаңсорғышпен бензин, май, спирт, еріткіштер сияқты жанғыш немесе жарылғыш сұйықтықтарды соруға болмайды. Ыстық, жанып тұрған немесе жарылғыш шаңды соруға болмайды. Шаңсорғышты жарылу қаупі бар жайларда пайдалануға болмайды. Шаң, бу немесе сұйықтықтар тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
Көбік немесе су шықса шаңсорғышты бірден өшіріп, контейнерін тазалаңыз. Кері жағдайда шаңсорғыш зақымдануы мүмкін.
- НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шаңсорғышты тек ішкі бөлмелерде сақтау қажет.
- НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сыртқы кірді дымқыл шүберекпен сүрту арқылы қалқымалы себетті жүйелі түрде тазалаңыз. Сорғышты аздап шайқау арқылы қалтқыны тазалаңыз. Нәтижесінде жойылмайтын қиын ластанулар болған жағдайда, Bosch кәсіби жөндеу қызметіне хабарласыңыз. Қалқымалы себетті алып тастамаңыз, әйтпесе үлкен көлемдегі кірлер турбинаға түсіп, сорғышты зақымдауы мүмкін.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- Пайдалану алдында сорғыш шлангтың ақаусыз болуына көз жеткізіңіз. Шаң таралмауы үшін сорғыш шлангы шаңсорғышқа қосулы тұрсын. Шаңды жұтып жіберу мүмкін.
- Шаңсорғышты тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы шаңсорғыш қауіпсіздігін сақтайсыз.
- Егер шаңсорғыш денсаулыққа зиянды заттектер бар аймақтарда қолданылса, оны қауіпті аймақтан шығармас бұрын оның сыртын шаңсорғышпен тазалаңыз, сүртіңіз немесе саңылаусыз етіңіз. Шаңсорғыштың барлық бөлшектері ластанған деп есептеледі және денсаулыққа зиянды заттектердің таралуына жол бермеу үшін арнайы шаралар қолдану керек.
Сорғыш денсаулыққа зиян келтіретін шаңды жұтады. Босату және техникалық қызмет көрсету әрекеттерін, соның ішінде шаң жинағыш контейнерді тазалау бойынша жұмыстарды мамандандырылған кәсіпорындарға орындауға тапсырыңыз. Тиісті қорғаныс жабдығы қажет болады. Сорғышты толық және мұқият енгізілген сүзгі жүйесінсіз пайдаланбаңыз. Кері жағдайда денсаулығыңызға зиян келуі мүмкін.
- Шаңсорғышты тікелей бағыттылған су ағынымен тазаламаңыз. Шаңсорғыш жоғарғы бөлігінің ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады.
- Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
- Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |
- Шаң шыққан бойда сорғышты өшіріп, контейнерді босатыңыз. Кері жағдайда шаңсорғыш зақымдануы мүмкін..
- Шаңсорғыш үстіне отырмаңыз. Шаңсорғышты бұзуыңыз мүмкін.
- Сорғышты иық белдігінен ұстаған кезде пайдаланбаңыз. Сору кезінде иық белдігіне шырмалып қалып, құлауыңыз мүмкін.
- Иық белдігін тек қана сорғышпен бірге пайдаланыңыз.
- Балаларға шаңсорғышты тазалауға және оған техникалық қызмет көрсетуге тек біреудің бақылауында рұқсат етіледі.
Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ графикалық белгілер (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc. корпорациясының тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып табылады. Осы сөз белгісінің/графикалық белгілердің Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан әрбір қолданысы лицензия бойынша жүзеге асырылады.