Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор енгізілген кезде аккумулятордың заряд деңгейін пайдаланушы интерфейсінен (6), ал аккумулятор шығарылған кезде, аккумулятордың өзінен анықтауға болады.
Сорғыштағы аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Сорғышты қосқаннан кейін, аккумулятор зарядының деңгейі индикаторының (3) 5 жасыл түсті жарықдиоды пайдаланушы интерфейсінде жеке-жеке жанып сөнеді. Содан кейін жарық диодтары аккумулятордың (31) заряд деңгейін көрсетеді.
Аккумулятордағы аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор сорғыштан шығарылса, заряд деңгейін аккумулятордағы заряд деңгейі индикаторының жасыл түсті жарық диодтары арқылы қарап шығуға болады.
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған немесе түймесін басыңыз.
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін, ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді.
Нұсқау: әр аккумулятор түрінде заряд деңгейінің индикаторы болмайды.
Аккумулятор түрі GBA 18V...
Жарық диодтары | Қуаты |
---|---|
Үздіксіз жарық 3× жасыл | 60−100 % |
Үздіксіз жарық 2× жасыл | 30−60 % |
Үздіксіз жарық 1× жасыл | 5−30 % |
Жыпылықтау 1× жасыл | 0−5 % |
Аккумулятор түрі ProCORE18V...
Жарық диодтары | Қуаты |
---|---|
Үздіксіз жарық 5× жасыл | 80−100 % |
Үздіксіз жарық 4× жасыл | 60−80 % |
Үздіксіз жарық 3× жасыл | 40−60 % |
Үздіксіз жарық 2× жасыл | 20−40 % |
Үздіксіз жарық 1× жасыл | 5−20 % |
Жыпылықтау 1× жасыл | 0−5 % |