Техникалық қызмет көрсету және тазалау
- Шаңсорғышқа қызмет көрсету немесе оны тазалаудан, құрылғыны ретегеннен, жабдықтарды алмастырудан немесе шаңсорғышты сақтауға қоюдан алдын аккумуляторды шығарып қойыңыз. Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
- Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
- Шаңсорғышты күту немесе тазалауда шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
Сорғыштың корпусын мезгіл-мезгіл дымқыл шүберекпен тазалап тұрыңыз.
Ластанған зарядтау контактілерін құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
- Сорғышты сығылған ауамен тазаламаңыз. Сүзгі немесе басқа да құрамдастар зақымдалуы мүмкін.
Жылына кем дегенде бір рет өндіруші немесе тапсырыс алған тұлға шаңға қатысты тексеру жұмыстарын орындауы қажет (мысалы, сүзгіде зақымдардың бар-жоғын, сорғыштың саңылаусыздығын және бақылау құрылғыларының ақаусыз жұмысын тексеру).
- Денсаулыққа зиянды заттектермен жанасқан болуы мүмкін барлық бөлшектерді ластанған деп есептеңіз.
- Сорғышты денсаулыққа зиянды заттектер бар аймақтан шығармас бұрын оның сыртын мұқият шаңсорғышпен тазалаңыз, сүртіңіз немесе саңылаусыз етіңіз.
- Өзіңіз бен басқа адамдар үшін қауіп төнбеген жағдайда ғана сорғышты тазалаңыз, бөлшектеңіз және оған техникалық қызмет көрсетіңіз. Техникалық қызмет көрсету және тазалау кезінде жеке қорғаныс жабдығын киіп жүріңіз. Жұмыстарды жақсы желдетілген жерде өткізіңіз.
- Сорғышты бөлшектемес бұрын алдымен оның сыртын тазалап шығыңыз.
- Шаңсорғыштың тиісінше тазалау мүмкін болмайтын кез келген бөлшектерін өткізбейтін қаптарға салып кәдеге жаратыңыз. Бұл ретте осындай қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қолданыстағы ережелерді сақтаңыз.
- Жұмыстарды аяқтағаннан кейін техникалық қызмет көрсету аймағын тазалап шығыңыз.
Сору қуаты сүзгі күйіне байланысты болады. Сүзгіні жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
Зақымдалған сүзгіні дереу алмастырыңыз.
- Құлыптарды (13) ашып, сорғыштың жоғарғы бөлігін (15) алып тастаңыз.
- Басты сүзгіні (32) саптамасынан ұстаңыз (пластиналарынан емес). Оны айналу бағытымен тірелгенше бұраңыз және шығарыңыз (M суретін қараңыз).
- Сүзгіні құрғату:
Басты сүзгіні (32) жарамды қоқыс контейнеріне қағып алыңыз. Сүзгі пластиналарының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Максималды сору күшіне қол жеткізу үшін басты сүзгі пластиналарын жұмысақ шүберекпен тазалап шығыңыз.
немесе
Дымқыл сүзгі:
Басты сүзгіні (32) ағынды су астында шайып, жақсылап құрғатыңыз.
немесе
Зақымдалған басты сүзгіні (32) ауыстырыңыз. - Басты сүзгіні (32) қалқымалы себетке (34) қойып, оны айналу бағытымен сүзгі ұстағышына (35) тірелгенше бұраңыз (B суретін қараңыз).
- Сорғыштың жоғарғы бөлігін (15) қайта орнатып, құлыптарды (13) жауып қойыңыз.
Құлыптардың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Ақаулы сорғыш шлангіні (20) қысқартып, пайдалануды жалғастыруға болады.
- Шлангіні тексеру кезінде қолғап киіңіз. Жарақат алу қаупі бар.
Сорғыш шлангіні сорғыш бүйірінде жөндеңіз (O−P суреттерін қараңыз):
- Бұрауыш арқылы тоқтатқыш тетікті ішке басу арқылы бөгеткіш сақинаны (49) шланг келтеқұбырынан (47) босатыңыз.
- Бөгеткіш сақинаны (49) ақаулы аймақтың артына тартыңыз ➊.
- Тығыздауыш муфтаны (48) бұрап шығарыңыз ➋.
- Ақаулы аймақтың артындағы сорғыш шлангіні (20) кесіңіз (P суретін қараңыз).
- Тығыздауыш муфтаны (48) қайта бұраңыз ➌.
- Сорғыш шланг ұшын шланг келтеқұбырына (47) салыңыз ➍.
- Бөгеткіш сақинаны (49) шланг келтеқұбырына (47) сырт еткен дыбыспен тірелгенше салыңыз ➎.
Сорғыш шлангіні электр құралы/саптама жағынан жөндеңіз (Q суретін қараңыз):
- Тығыздауыш муфтаны (50) бұрап шығарыңыз ➊.
- Ақаулы аймақ артындағы сорғыш шлангіні (20) кесіңіз ➋.
- Тығыздауыш муфтаны (50) қайта бұраңыз ➌.