Ажарлау құралдарын монтаждау және бөлшектеу
X-LOCK алмалы-салмалы аспаптары үшін монтаждау бойынша арнайы нұсқауларды орындаңыз. |
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
- Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
- Тек X-LOCK логотипі бар түпнұсқа X-LOCK алмалы-салмалы аспаптарын пайдаланыңыз. Тек түпнұсқа X-LOCK алмалы-салмалы аспаптары қолданылғанда ең көбі 1,6 мм қысу қалыңдығының сақталатынына кепіл беріледі. Үлкенірек қысу қалыңдығы қауіпті қысылуға апарып, қысқыш құралдың босап қалуына әкелуі мүмкін.
- X-LOCK алмалы-салмалы аспаптары ешқандай қосымша қысқыш және тіреуіш фланецтерді қажет етпейді.
- Алмалы-салмалы аспап және қысқыш дофермацияланбағанын, ласталмаған және бөлшектермен қапталмағанын көз жеткізіңіз.
Ажарлау құралдарының өлшемдерін ескеріңіз.
X-LOCK алмалы-салмалы аспабын монтаждаудан бұрын әр X-LOCK бекіткіш ысырмасының ашық екендігіне көз жеткізіңіз (төмендегі суретті қараңыз).
Қажет болса, екі X-LOCK бекіткіш ысырмасының арасындағы аймақты тазалап шығыңыз.
Ажарлау құралын монтаждау
➊ | Ажарлау шеңберін / кескіш дискіні / желпуіш тәрізді ажарлау шеңберін ортаға келтіріп және тіреуіш бетпен параллель етіп және дұрыс жағын жоғары қарай X-LOCK бекіткішіне қойып орнатыңыз. |
➋ | Шеңберді бекіткішке қарай итеріңіз. |
➌ | Шеңбер шерту дыбысымен бекітіледі. Бұл ретте иінтіректі (3) баспаңыз. |
- Монтаждағаннан кейін ажарлау құралының жиегі (➍) негізгі жазықтықтан (➎) жоғары емес және дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Жиек жоғарырақ болса, бекіткішті тазалау немесе ажарлау құралын пайдаланбау қажет.
Ажарлау шеңберін / кескіш дискіні / желпуіш тәрізді ажарлау шеңберін бөлшектемес бұрын: электр құралының тоқтап қалғанына көз жеткізіңіз.
Ажарлау құралын бөлшектеу
➊ | Иінтіректі (3) ашыңыз. |
➋ | Ажарлау шеңбері / кескіш диск / желпуіш тәрізді ажарлау шеңбері босайды. |
➌ | Ажарлау шеңберін / кескіш дискіні / желпуіш тәрізді ажарлау шеңберін алып тастауға болады. |