Пайдалану нұсқаулары
- Әрдайым тек лазер сызығының орталығын пайдаланыңыз. Лазер сызығының ені қашықтықпен өзгереді.
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны болады. Өлшеу құралын 1/4"-штатив патронымен (12) штативіне немесе (29) стандартты фотоштативіне орнатыңыз. Стандартты құрылыс штативінде бекіту үшін 5/8"-штатив патронын (13) пайдаланыңыз. Өлшеу құралын штативтегі құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Магниттік айналмалы ұстағыштың (9) орналастыру мүмкіндіктері:
- тегіс бетке тұрғызылған күйде (A суретін қараңыз),
- әдеттегі бекіткіш бұранданың көмегімен тік беттегі бойлық бекіткіш саңылау (8) арқылы (B суретін қараңыз),
- магниттердің (14) көмегімен магниттік материалдарда (C суретін қараңыз),
- төбе қапсырмасымен (23) бірге металл төбе рейкаларында (D−E суреттерін қараңыз),
- штативке монтаждалған күйде (F суретін қараңыз).
- Магниттік айналмалы ұстағышты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды айналмалы ұстағыштың артқы жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің (14) қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.
Өлшеу құралын қосудан бұрын магниттік айналмалы ұстағышты (9) шамамен туралаңыз.
Айналмалы ұстағыштың дәлдеп реттеу бұрандасының (11) көмегімен тік лазер сызықтарын негізгі нүктелермен дәлдеп туралаға болады.
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді. Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.
- Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
- Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады.