Батареялармен (керек-жарақ) пайдалану

Батареялармен пайдалану үшін батарея адаптеріне сілті-марганец батареялары салынады.

Нұсқау: ұсынылған батареялардан басқасын пайдаланған жағдайда, өлшеу құралын қосу кезінде лазер жылдам жыпылықтайды да, өшіп қалады.

Батареяларды батарея адаптеріне салу үшін батарея адаптері қақпағының бекіткішін (19) басып, қақпақты ашыңыз. Батареяларды батарея адаптеріне (18) енгізіңіз. Батарея адаптерінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.

Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.

Батарея адаптерінің (18) қақпағын жауып, өз орнында бекітіңіз.

Батарея адаптерін салу үшін батарея адаптерін (18) аккумулятор бөліміне (22) сезілетіндей тірелгенше кіргізіңіз.

Батареялармен пайдалану кезінде қуат үнемдеу режимі әдетте қосылады. Қуат үнемдеу режимін аяқтау үшін қуат үнемдеу режимінің түймесін (1) басыңыз.

Батарея адаптерін (18) шығарып алу үшін батарея адаптеріндегі босату түймесін (17) басып, батарея адаптерін аккумулятор бөлімінен (22) тартып шығарыңыз.