Өлшеу құралын энергиямен жабдықтау
Өлшеу құралы стандартты батареялармен не Bosch литий-иондық аккумулятормен жұмыс істейді.
Әдеттегі аккумуляторларды (мысалы, никель-металл гибридін) пайдаланбаңыз.
- Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің өлшеу құралыңыздың ішінде литий-иондық аккумулятормен сәйкес.
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.
Аккумулятор өлшеу құралынан шығарылса, заряд деңгейін аккумулятордағы заряд деңгейі индикаторының жасыл түсті жарық диодтары арқылы қарап шығуға болады.
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған немесе түймесін басыңыз.
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді.
Нұсқау: әр аккумулятор түрінде заряд деңгейінің индикаторы болмайды.
Аккумулятор түрі GBA 18V...
Жарық диоды | Қуаты |
---|---|
Үздіксіз жарық 3× жасыл | 60–100% |
Үздіксіз жарық 2× жасыл | 30–60% |
Үздіксіз жарық 1× жасыл | 5–30% |
Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл | 0–5% |
Аккумулятор түрі ProCORE18V...
Жарық диоды | Қуаты |
---|---|
Үздіксіз жарық 5× жасыл | 80–100% |
Үздіксіз жарық 4× жасыл | 60–80% |
Үздіксіз жарық 3× жасыл | 40–60% |
Үздіксіз жарық 2× жасыл | 20–40% |
Үздіксіз жарық 1× жасыл | 5–20% |
Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл | 0–5% |
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын пайдалану ұсынылады.
Батареяларды батарея адаптеріне (22) енгізіңіз. Бұл ретте полярлықтың батарея адаптеріндегі суретке сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.
- Батарея адаптері тек тиісті Bosch тексеру камерасын пайдалануға арналған болып электр құралдарымен пайдалануға болмайды.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.
- Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяны өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, өлшеу құралындағы батареяларды тот басуы және олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін.
Аккумуляторды/батареяларды алмастыру үшін батарея бөлімі қақпағының бекіткішін (2) күйіне жылжытып, батарея бөлімінің қақпағын (1) ашыңыз.
Зарядталған аккумуляторды (24) немесе батареялар салынған батарея адаптерін (22) батарея бөліміне шерту дыбысымен тірелгенше енгізіңіз.
Аккумуляторды (24) немесе батарея адаптерін (22) шығару үшін босату түймесін (23) басып, аккумуляторды немесе батарея адаптерін батарея бөлімінен тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
Батарея бөлімінің қақпағын (1) жауып, бекіткішті (2) күйіне жылжытыңыз.
Дисплейдегі заряд деңгейінің индикаторы (d) аккумулятордың немесе батареялардың заряд деңгейін көрсетеді:
Индикатор | Қуаты |
---|---|
60−100% | |
30−60% | |
5−30% | |
0−5% |
Аккумулятордың немесе батареялардың заряды таусылған болса, ескерту хабары бірнеше секундқа пайда болып, күй индикаторы (12) жылдам ырғақпен қызыл түспен жыпылықтайды. Содан кейін өлшеу құралы өшіп қалады.